3 ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Ең алдымен Project3.exe деген бағдарламаға тінтуірмен екі рет шертеміз.
Содан кейін, бағдарламаның сәлемдесу мәзірі ашылады. Сол мәзірден біз ең басты бетке кіреміз.
Сурет 9–Бағдарламаның өзі
Бұл мәзірде Қонақ үйдің атауы мен екі батырма орналасқан.
Бастау деген батырманы басқанда бағдарламаның ең басты беті ашылады.
Сурет 10-Сәлемдесу мәзірі
Бұл бетте бізде жоғарғы жақта мәзір орналасқан, бұл мәзірде - Санаттар, Қызметкерлер, Клиенттер, Директор және қонақ үй жайлы деген батырмалар бар.
Сурет 11-Басты бет
Санаттар деген батырмаға басқанда, қонақ үйдің санаттары жығады, қонақ үйдің 5 санаты бар, олар: Стандарт, Жартылай люкс, Люкс, Жайлылық және Президенттік.
Сурет 12-Санаттар батырмасы
Бұл бетте - Стандарт санатты бөлменің бағасы және стандарт бөлме жайлы жазылған.
Және қайту батырмасын басқан кезде, басты бетке шығады.
Сурет 13-Стандарт санатты бөлме
Бұл сурете бізде жартылай люкс санатты бөлме орналасқан
Сурет 14-Жартылай люкс санатты бөлме
Люкс санатты бөлменің айырмашылығы-бағасы,бөлмелері және де терезеден көрінісі,люкс санатты бөлме негізінде 2 бөлмеден тұрады,және 2 керуетпен ерекшеленеді,және де тамақтану тегін болып табылады,тамақтану-бөлменің бағасына кіреді.
Сурет 15-Люкс санатты бөлме
Жайлылық санатты бөлменің ерекшелігі - екі үлкен терезесі Мойка өзенінің жағалауына шығады,жайлылық санатты бөлменің бір керуетті және екі керуетті бөлмелері болады,сіз өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз
Сурет 16-Жайлылық санатты бөлме
Президенттік санатты бөлме өзінің бағасымен,қонақ үйдің жоғарғы қабатында орналасқанымен және де терезеден керемет көрініс ашылуымен ерекшеленеді, және де Президенттік санатты бөлмеде бірнеше бөлме болады,бірнеше ванна және де үлкен керуеттерімен ерекшеленеді.
Сурет 17-Президенттік санатты бөлме
Бұл батырмада қонақ үйдің қызметкерлер деректер базасы жазылған. Қызметкерлердің жеке ақпараты және жалақысы жазылған. Бұл мәзірде жаңадан қызметкер қосып жоюға болады.
Бұл мәзірде-әр қызметкердің телефон нөмірі жазылған.
Сурет 18-Қызметкерлер деректер базасы
Бұл мәзірде қонақ үйдің клиенттерінің деректер базасы орналасқан, бұл мәзірде жанадан келген клиенттерді қосып жоюға болады.
Сурет 19-Клиенттер деректер базасы
Бұл мәзірде-қонақ үйдің Директоры жайлы қысқаша ақпарат жазылған, Директордың орынбасарының Аты жөні де жазылған.
Сурет 20-Директор
Жәнеде мәзірдің ең соңғы батырмасын басқанда, қонақ үй жайлы қысқаша ақпарат шығады.
Мәзірдің Шығу деген батырмасы - Бағдарламаның жабылуына жауап береді