Деректер бүркемеге жазылады және бұл операцияны сұраған есеп
сұранысы нақты жазылады деп санаса болады. Есеп әрі қарай өзінің
орындалуын жалғастырса болады., сыртқы жүйелік үрдістер бірнесе
уақыттан соң деректерді дискіге жазады. Бұл операция кейінге қалдырылған
жазба деп аталады. Егер кейінге қалдырылған жазба қолданбаса, онда тек бір
есеп өзінің деректерін дискіге жазады, қалған қолданбалар өзінің кезегін
күту керек.
Бүркеме жады-жадының шапшандық аймағы, санашық өндеу
алдында деректерді буферлеу үшін қолданылады.
Кейбір ОЖ-де бүркемелеу параметрлерін айқын көрсетуге болады, ал кейбір
ОЖ-де бұл параметрлерге ОЖ өзі жауап береді. WNT ОЖ-де файлдық
бүркеменің және бүркемелеу параметрлерінің мөлшерін айқын түрде басқаруға
болмайды. Win95/98 ОЖ-де бұл мүмкіндік бар, бірак тек қана нақтылы
бүркемеге арналған жады мөлшері және буфер молшерін көрсетуге болады. MS
DOS операциялық жүйесі жұмыс жасағанда компьютерді кез келген уақытта
өшіруге болады, ойткені бұл жүйеде буферлеу жоқ. . UNIX және Windows
операциялық жүйелерінде жұмыс уакытында машинені өшіруге болмайды,
себебі бұл жағдайда ақпараттың жойылуы мүмкін. Буферлеу деңгейі жүйенің
реалды тиімділігін аныктайды.
Бұдан басқа ОЖ бірнеше параллель орындалып жаткан есептердің
сұраныстарын орындалуына байланысты бастиектін деректерді оқуга/жазуға
жылжытуын ұлгайту жұмысын атқарады. Деректерді магниттік дискіден алу
уақыты, магниттік бастиектін керек цилиндрге жылжу уақытымен берілген
секторды күту уақытынан қосылады. Сонымен уақыттың көбісі деректерді
іздеуге кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: