Көпағынды үрдістің екі немесе бірнеше ағындары болады олар бірігіп бір
адрестік кеңістікті және қорды қолданады.
NT-ң әр үрдісі бір ағынмен құрылады. Қажет болса программа үрдіс ішінде
қосымша ағындарды құруы мүмкін. Олар көбінесе программада асинхронды
операциялаоды орындау үшін қолданылады (операциялар кез келген уақытта
орындалады). Бұл категорияға енгізу-шығару операциялары кіреді. Бір ағынды
негізгі программаның орындалуына қолданып, және екінші ағынды еңгізіу-
шығару құрылғысының сұранысына құрып, сонда жүйе бір санашықта бөлек екі
операция орындауына болады, бұл жағдайда көпесептілік орын табады.
Көпсанашықты компьютерде бұл екі ағын бірге орындалуы мүмкін және басқа
үрдіс құруына қажеті жоқ.
Ағындарды қолданып параллелизмге жету үшін программа бір үрдісте екі
немесе бірнеше ағын құрады. Көпағындық үрдістер параллельдікке жетеді және
екі үрдісті қолдануымен байланысты кемшіліктері жоқ. Ағындар үрдіске
қарағанда тез құрылады. Одан бөлек үрдістің ағындары бір жадыны қолданады,
өздерінің стегі және регистр мәндерін алып тастағанда. Ерекше деректер алмасу
механизмін керек етпейді. Бір ағын өзінің нәтижесін жадыға жазады, ал екінші
ағын оларды оқиды. Сонымен бірге үрдістің барлық қорлары оның барлық
ағындарымен бірдей қолданылады. Ағындардың орындалу кезегін анықтау үшін
ядро пұрсаттылыққа негізделген сұлбасын қолданады. Пұрсаттылығы жоғары
ағын пұрсаттылығы төмен ағыннан бұрын орындалады, ядро ағындардың
пұрсаттылығын өзгертіп тұрады, сол арқылы олардың бәрінің орындалуына
кепілдік береді.
Көпағынды үрдісті қолдану – серверлі қолданбаларға тиімді шешім, ол
клиенттерден сұраныс қабылдайды және әр сұраныс бойынша бір кодты
орындайды. Мысалы, файл-сервер файлдармен жұмыс жасайтын операцияла,
бірақ әр сұраныс серверден өзінің файлымен жұмыс істеуді сұраса да, сервер
программасы жадыға тек бір рет жүктеледі. Әр келетін сұраныс қажет
функциясын орындайтын сервердің бөлек ағындарымен қабылданады және
өңделеді.
WinNT –де параллельдікке жету үшін екі үрдісті қолданады олар арнайы
арналар арқылы әрекеттеседі. Сондықтан WinNT бағыныңқы жүйелері бөлек
серверлі үрдістер ретінде жүзеге асырылған және қорғалған деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: