Қысқаша мәлімет
mpC-дегі программада мәліметтер фактілермен қатар қағидалардың көмегімен көрсетіледі.
Қағида
Қағида басынан және денесінен тұрады. Басы мен денесі :- таңбасымен ажыратылады және ол нүктемен аяқталуы тиіс. Қағида денесіндегі үтір конъюнкцияны (&&, логикалық және) білдіреді.
:- таңбасы (<-) бағыттауышының схемалық жазылуы. Ол оң жақтағыдан сол жақтағы шығады дегенді білдіреді. Бұл таңба «егер» сөзін білдіреді деп саналады.
Мысалы,: бала/2 қатынасын әке/2 қатынасы арқылы анықтайтын қағида былайша жазылады:
бала(X, Y) :- әке(Y, X).
Бұл мынаны білдіреді: егер У адамы Х адамы үшін әке болатын болса, онда Х У-тің баласы болып саналады. Мұндағы, Х және У – айнымалылар.
Мысал:
Ана/2 қатысын ата-ана/2 және әйел/1 қатыстары арқылы төмендегідей анықтайық: У адам үшін Х-тің анасы оның жынысы әйел болатын ата-ана болып табылады№
ана(Х,У):-атаана(Х,У), әйел(Х).
?- ана(X, Y).
X=анна
Y=юлия
Yes
Достарыңызбен бөлісу: |