Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу



бет4/9
Дата25.04.2023
өлшемі283,5 Kb.
#86762
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4- тақырып. Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)
Дауыссыз дыбыстардың құрамы. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздерден қосылған дауыссыздар. Қазақ тілі мен халықаралық сөздерге ортақ дауыссыздар (к, т,с, л, т.б.). Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. Дауыссыздардың әр түрлі тұрғыда топтастырылуы (классификациясы). Дауыссыздар: жасалу орнына қарай: 1) тіл тобы, 2) ерін тобы болып бөлінетіндігі. Актив, пассив сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына байланысты. 1) тіл тобына жататын дауыссыздар өз ішінен : тіл-тіс, тіл алды, қатты таңдай, тіл ұшы-үстіңгі тіс, тіл арты-астыңғы тіс, тіл ортасы-орта таңдай, тіл арты-артқы таңдай сияқты тағы басқа түрлерге бөлінетіндігі. 2) ерін тобына жататын дауыссыздар өз ішінен: ерін мен ерін, ерін мен тіс болып түрленетіндігі. Жасалу жолына қарай дауыссыздар: а) қабысыңқылар тобы, ә) жуысыңқылар тобы болып бөлінетіндігі. Жасалу тәсіліне қарай: а) қабысыңқылар тобындағы дауыссыздар өз ішінен (үзілмелі-шғыл, бүйір, үзілмелі-сүзілмелі, діріл, айналмалы) 5 түрге бөлінетіндігі; ә) жуысыңқылар тобындағы дауыссыздардың жасалу тәсілі әрдайым сүзілмелі болатындыгы; б) жуысыңқы сүзілмелі дауыссыздардың акустикасы шулы, ызың сыбысты болып естілетіні. Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай: а) үнділер тобына және ә) үнсіздер тобына бөлінетіндігі, үнділер тобындағылар жасалу жолына қарай ауыз жолды, мұрын жолды болатыны; акустикасына қарай ашық үнді, міңгір үнді болатыны. Үнсіздер тобындағылар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң болып бөлінетіндігі. Дауыссыздардың айтылуы: а) қатаң-ұяң болып және ә) тіл ұшының қызметіне байланысты жуан-жіңішке болып сыңар түзуі б) қазақтың төл сөзіндегі дауыссыз дыбыстардың бірде жуан, бірде жіңішке айтылуының (үн-ұн, от-өт т.б) фонетикалық мәнінің жоқтығы (тек аллофон болатыны): халықаралық сөздердегі дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуы жаңа ұғымды сөз жасайтындығы (фонетикалық қызмет атқаратындығы). Халықаралық сөздердің жазылуына жуан, жіңішке дауыссыздардың таңбалану тәсілі. Дауыссыздар сөз ішінде қолданылуы (сөз шегін дыбыстар тіркесін талғамайтын және талғампаз дауыссыздар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет