Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу


-тақырып. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Мазмұны



бет18/28
Дата06.01.2022
өлшемі382,5 Kb.
#14761
түріПрограмма дисциплины
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
3-тақырып. Сөз тіркесінің байланысу формалары.

Мазмұны: Сөз тіркесінің байланысу формаларының түркологияда және қазақ тіл білімінде қазан революциясына және онан кейінгі зерттелу дәрежесі. Әрбір байланысу формаларының қалыптасуы. Қиысу: қиысу туралы түркологиялық көзқарастар. Қиысудың сөйлемнен айырмашылығы мен ұқсастықтары, жақтық, сандық қиысу және мағыналық қиысу (балаларына дейін біледі). Меңгеру – ол туралы көзқарастар (ілік жалғаулы сөздер және негізгі сөздер мен көмекші сөзді меңгеру туралы), изафеттің ІІ түрі және нөлдік тұлғадағы зат есім мен етістік (кітап оқу). Меңгерудің бағыныңқы сыңарлары қызметінде жұмсалатын сөз таптары: зат есім мен есімдік, субстантивтенген сөз таптары (сын есім, сан есім, есімдік, есімше, қимыл есімі, үстеу), субстантивтенбей-ақ септелетін сөз таптары (үстеу), тұрақты тіркестер, негізгі сөз бен көмекші (көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль) сөздер, көмекші сөзді тіркестердің жанасу байланысу формасымен ара қатынасы, бар, жоқ сөздер. Ол сөздердің басыңқы сыңар мен табиғи қатысы, соңғы өзгерістер және орын тәртібі. Меңгерудегі басыңқы сыңарлар, түрлері, ондай кезде басыңқы сыңарда есім сөздердің қолданылу ерекшеліктері. Есімді меңгеру: бағыныңқы сыңарлары негізгі сөздер және негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы келуі, олардың жасалу ерекшеліктері, амалдары, синтаксистік қызметі туралы. Етістікті меңгеру. Салт, сабақты етістіктер және салт-сабақты меңгеру, соңғы топты етістіктердің меңгеруінде септік жалғауларының алмасуы туралы, етістіктердің меңгеруі туралы, есімше, қимыл есімдерінің меңгеруі туралы көзқарастар. Есім және етістік меңгерудің қайсысының бұрын қалыптасуы туралы. Ортақ меңгеру. Ондай кездегі есімдер мен көмекші етістіктер, олардың түрлері. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің ортақ меңгерілуі (үйге дейін жақсы еді). Меңгерудің аясының кеңеюі (есімдік, үстеу, көмекші сөздердің септелуі) мен тарылуы (ондай кездегі –ғы, -гі т.б. жұрнақтарының активті қолданылуы). Матасу. Матасу туралы түркологиялық көзқарастар, қиысумен ара қатынасы, ілік және барыс, табыс т.б. жалғаулы сөздердің басыңқы сөзбен тіркесіндегі ерекшеліктері туралы. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің І сыңарының тұлғасы: ілік жалғауының ашық түрі екендігі, олардың орны, бағыныңқы сыңарда қолданылатын сөз таптары: есімдер, етістік, үстеу, негізгі сөздер мен көмекші сөздер, олардың түрлері, тұрақты тіркестер, бар, жоқ сөздері. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің ІІ сыңарының тұлғасы тәуелдік жалғаулы сөздер, кейде тілдік экономияға байланысты тәуелдік жалғауларының түсіріліп айтылуы (І сыңардағы есімдіктер), матасудың ІІ сыңарында қолданылатын сөз таптары: есімдер, етістік, үстеу, негізгі сөздер мен көмекші сөздер, бар, жоқ сөздері. Матасудың ІІ сыңарына қарай түрлері, есімді матасу (зат есім, субстантивтенген сөз таптары – сын есім, сан есім және есімше, қимыл есімі, үстеу) ортақ матасу, олардың жасалуы. Қабысу, ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы жасалатындығы, оның көріністері: а) сөздердің орын тәртібі арқылы (жақсы тілек); ә) негізгі сөздер мен көмекші сөзді түйдекті тіркестерге кейбір жұрнақтардың жалғануы арқылы (үйдің қасындағы бау, үйге дейінгі жер); б) көнеленген септік жалғаулы үстеулер арқылы (зорға түсіндіру); в) септік жалғауларының түсірілуі арқылы (кітап оқу); г) тұрақты тіркестілер арқылы. Қабысудың бағыныңқы сыңарлары: есімді сөз тіркестері: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше, қимыл есімі, үстеу, негізгі сөз бен көмекші сөздер, тұрақты тіркестер және бар, жоқ сөздері; етістікті сөз тіркестері; үстеу, көсемше, еліктеуіш сөздер, сын есім, сан есім, есімдік, зат есім, негізгі сөздер мен көмекші сөздер, тұрақты тіркестер ондай сөздердің тіркесу қабілеті, мағыналық байланысу, ондай кезде кейбір жұрнақтардың сөзбен сөздің тіркестірудегі әсері туралы. Қабысудың басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті және ортақ басыңқы түрлері, ондай кездегі сөз таптарының ара қатынасы. Тілдік экономия, соның негізінде сөз тіркестерінің байланысу формаларының біріне-бірінің ауысу процесі, оның түрлері. Жанасу. Жанасудың өзіндік объектілері. Жанасуда бағыныңқы сыңардың алшақ, іргелес тұрына қарай шылаулы меңгерумен ара қатынасы, жанасу терминінің мәні, жанасудың құрамы: негізгі сөз+көмекші сөздер+басыңқы сөз, оның үнемі күрделі болатындығы. Бағыныңқы мен басыңқыны жанастыратын дәнекерлер, түрлері: жанасудың көбіне етістікті, кейде есімді, құрама түрлері: а) негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістік (төбе-төбе боп үйілген); ә) негізгі сөз және шылау (Бурабай арқылы келу, сен үшін істеу); б) негізгі сөз және модаль сөздер (естімеген сияқты отыра берді); в) негізгі сөз және жолы, бойы, бойынша, есе, рет, мәртебе, қайтара; г) негізгі сөз және нумеративті сөздер (он минут оқыды, градус ысыды); д) есімді жанасу (отыз-қырықтар шамасындағы адам, бейбітшілік туралы ой, Қатпа деген адам, Күншығыс жақтағы өлең).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет