Пәнді оқыту мақсаты: - «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәнінде студенттердің сауатты сөйлеуін, жазуын қалыптастыру;
- дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге дағдыландыру;
- фонетика заңдылықтарын терең түсіне білуге үйрету;
- үндестік заңының ерекшеліктерін меңгерту;
- фонетикалық талдауға жаттықтыру.
Пәннің міндеттері: - негізгі ғылыми және оқу әдебиеттерін білу;
- сабақтың нақты әдістемелік мақсатына сәйкес келу үшін тілдік материалдың мөлшерін білу.
Студенттер білуі тиіс:
Фонетика дыбыстың түр-түрін танытып қана қоймайтындығын, сол дыбыстардың қарым-қатынас құралы – тілдің қызметін түсініп, басқаруға жетелейтіндігін білуі тиіс.
Дыбыстар мен буындардың үндесімін білуі тиіс.
Студенттер істей білуі тиіс:
Студенттер фонетикалық талдауды орындай алуы тиіс.
Тілдік нормаларды сақтай білуі тиіс.
Тіл дыбыстарының жіктелісін, жасалу ерекшеліктерін игеруі тиіс.
Дауысты дыбыстардың тілдің қызметіне, жақтың ашылуына, еріннің қызметіне қарай топталуын меңгеруі тіиіс.
Дауыссыз дыбыстардың жасалу орны, жасалу жолы, дауыс қатысына қарай топталуын игеруі тиіс.
Қазіргі қазақ тілі фонетикасының теориялық курсының алғы шарттарын білуі тиіс.
2 Пререквезиттер: Тіл біліміне кіріспе.
Орфография жне пунктуация
Қазақ тілінің лексикологиясы.
Қазіргі қазақ тілінің морфология.
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.
ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1-тақырып. Кіріспе. Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.
Тапсырма - фонетика салалары; фонетиканың тіл білімінің басқа салаларынан ерекшілігін көрсету.
- қазақ тілі фонетикасының зерттелуіндегі алғашқы кезең айқындау;
- фонетиканың зерттелуіндегі қазақ ғалымдарының пікірлерін дәйектеу.
2- тақырып. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні
А.Байтұрсыновтың фонетика жөніндегі зерттеулері. «Тіл - құрал» еңбегінің маңызы. Сөз һәм буындар. Буын және һәм дыбыс. Қазақ сөзіндегі дыбыстар һәм олардың харіфтері. Қ.Жұбановтың қазақ тілі фонетикасы жөніндегі зерттеулері. Фонетика біздіңше нендей ғылым? Тіл дыбыстарының табиғаты. Дыбыстарға анықтама. Дыбыстардың жіктелуі.
Тапсырма - А.Байтұрсынұлының қазақ тілі фонетикасының зерттелуіне қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу;
- фонетиканы зерттеген қазақ ғалымдарының еңбектеріне шолу.
3 –тақырып. Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация. .
Әріп, дыбыс, фонема. Бұлардың арақатысын межелеудің маңызы. Транскрипцияның орны. Қазақ сөздерін транскрипциялау мәселесі.