Программа кодының терезесі. Delphi ортасы программист жұмысының ӛте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта



Pdf көрінісі
бет75/122
Дата27.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#28970
түріПрограмма
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   122
USES модульдер тiзiмi›; 

USES-  арнайы  сӛз;  ‹модульдер  тiзiмi›-  программа  және  модульдердi  бiр-бiрiмен 

байланыстыруға қажеттi модульдердiң тiзiмi. Бұл сӛйлемдi қолданылатын модульдер спецификациясы 

деп  атайды  және  ол  негiзгi  программаның  тақырыбынан  соң  орналасу  қажет.  Егер  аталмыш  модуль 

басқа  бiр модульдiң объектiлерiн қолданса, онда осындай спецификация  Interface түйiндi сӛзiнен соң 

бiрден орналасады. Пайдаланылатын модульдердiң спецификациясы келтiрiлген жағдайда программаға 

қосылған модульдiң интерфейстiк бӛлiгiнiң барлық сипаттамалары белгiлi деп саналады.  



Модульдiң интерфейстiк бөлiгiнде негiзгi программада және басқа модульдерде қолданылатын 

аталмыш модульдiң барлық сыртқы (ашық)  объектiлерi (түрлер,   кластар,  iшкi    программалар  

процедуралар және функциялар) анықталады.  Паскаль программасы  сияқты бұл анықтамадағы   

объектiлердiң   ретi  кез - келген түрде бола алады.  Интерфейстiк бӛлiкте  iшкi программалардың тек 

қана тақырыптары келтiрiледi, ал олардың толық анықтамасы модульдiң орындалатын бӛлiгiнде 

кӛрсетiледi. 

Модульдiң орындалатын Implementation бӛлiгiнде интерфейсте кӛрсетiлген  iшкi программалар  

орындайтын жұмыстар  анықталады. Iшкi программалардың орналасу ретi интерфейстiк бӛлiкте 

кӛрсетiлген ретпен бiрдей болмауы да мүмкiн.  

Инициялизациялау (алғашқы рет iске қосу) бӛлiгiнде осы модульдердi  iске   асыратын 

программаның жұмысы басталғандағы операторлары орналасады. Модульдердiң iске асырылуы 

программаның Uses бӛлiгiнде кӛрсетiлген ретпен орындалады. Бұл бӛлiк Initialiяation сӛзiмен 

басталады және бұл бӛлiктiң  болмауы  да мүмкiн.  

Егер программада инициялизациялау бӛлiгi бар болса, онда деинициялизациялау бӛлiгi де болуы 

мүмкiн. Бұл бӛлiк Finalization сӛзiнен басталады және оның құрамына  программа жұмысын 

тоқтатқандағы орындалатын операторлар кiредi. Модульдердi деинициялизациялау әрекеттерi 

бағдарламаның Uses бӛлiгiнде кӛрсетiлген ретке керi бағытта орындалады.  

Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де құрылады. Жалпы программа құрамында кӛптеген 

формалар және олармен байланысты модульдер болуы мүмкiн.  




 

45 


Жоғарыдағы құрастырылған формаға сәйкестелген модульдiң кодын  File =>Open опцияларын 

орындау арқылы Example файлын ашып кӛруге болады (1-сурет). Модульдiң коды орналасқан файл 

келесi:  

 

Модуль кодын ашу терезесi 



 

Бұл мәтiндi DelphI ортасы ӛзi құрастырады. Жоғарыда айтылғандай, жобаның файлына 

араласуға тиым салынған, ал модульдiң файлына  әртүрлi жұмыстарды  орындауға негiзделген 

ӛзгерiстердi енгiзуге болады.  

Модульдiң интерфейстiк бӛлiгiнде бiр түр (TfmExample класы) және бiр объект- кластың 

туындысы - fmExample айнымалысы  анықталған.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет