Динамикалық жады
Динамикалық жад (үйме) деп - берiлгендердiң сегментiнен (64 Кбайт), стек сегментiнен
(процедура және функциялардың жергiлiктi айнымалалары орналасқан аймақ) және программалар
денесiнен тыс дербес компьютердiң жедел жадының бос аймағын атайды.
Берiлгендердiң динамикалық жадта орналасуын және оның босатылуын программа орындалу
барысында пайдаланады, ал берiлгендердiң статистикалық орналастырылуын Delphi ортасының
компиляторы орындайды. Берiлгендердi динамикалық жадқа орналастырғанда, алдын ала олардың түрi
мен ұзындығы белгiсiз, болғандықтан, оларға аты арқылы қол жеткiзуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |