Массив – бір типті нысандар (объектілер) жиыны. Массивтер бір ӛлшемді (сызықтық), екі
ӛлшемді (матрица) не кӛп ӛлшемді болуы мүмкін. Екi ӛлшемдi матрицаны бiр ӛлшемдi массивтерден
құралған массив деп санауға болады.
Object Pascal тілінде массивтерді сипаттау Турбо Паскальдағы сияқты. Сипаттау синтаксисi келесi:
Type
<түрдiң атауы> = array [<индекс түрлерiнiң тiзiмi> ] of <кез келген реттiк түр> , немесе
айнымалылар бӛлiмiнде бiрден
Var <айнымалының атауы>: array [<индекс түрлерiнiң тiзiмi> ] of <кез келген реттiк түр>-
айнымалыны массив деп анықтауға болады.
Мысалы,
Var
a: array [1..10] of integer;
// бүтін сандар жиымы
b: array [3..8] of real;
// нақты сандар жиымы
c: array [0..5] of string;
// жолдық типті жиым
Матрица – екі ӛлшемді жиым. Матрицаны сипаттаудың сызықтық жиымды сипаттаудан
айырмашылығы шамалы.
var
aa: array [1..10, 1..10] of integer;
// бүтін сандар матрицасы
bb: array [1..8, 1..5] of real;
// нақты сандар матрицасы
cc: array [0..5, 0..3] of string;
// жолдық типті матрица
Достарыңызбен бөлісу: |