28
саласындағы психолог - спорттық психолог. Заң және құқық қорғау
салаларындағы психолог. Төтенше жағдайлар кезіндегі көмек көрсету
бойынша қызмет саласында психолог. Әр түрлі салалардағы психологтың
біліктілік сипаттамалары.
Психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттары: психодиагностикалық,
консультациялық, түзету-дамыту, ағартушылық. Принциптер мен
технологиялар.
Психологтың психодиагностикалық іс-әрекеті. Психодиагностика
кезеңдері: деректерді жинау, мәліметтерді өңдеу және түсіндіру. Деңгейлер:
эмпирикалық (симптоматикалық) бірінші деңгей; екінші деңгей -
этиологиялық; үшінші деңгей - типологиялық диагностика деңгейі.
Диагностика әдістері мен құралдарына қойылатын талаптар (валидтілік,
шүбәсіз дұрыстығы, сенімділігі).
Психологиялық кеңес беру – әр түрлі тұлғалық мәселелерді шешуге
бағытталған арнайы ұйымдастырылған әңгімелесу ретінде. Кеңес берудің
типтері, принциптері мен кезеңдері.
Психотерапиялық әсер ету – адам проблемаларын шешудің
психологиялық
тактикасы
мен
стратегиясы
кешені.
Психология
бағыттарымен тығыз байланысы. Кәсіби маманның қалыптасу кезеңдері:
жеке-дара тәжірибе, супервизиялық практика, супервизордың қадағалауымен
жеке психотерапиялық тәжірибе.
Түзету-дамыту іс-әрекеті – ауытқуларды жою мен қабілеттерді дамытуға
бағытталған тактика мен стратегиялар. Түзету жұмыстарының принциптері,
түрлері және кезеңдері. Психологтың психопрофилактикалық, ағартушылық
жұмысы. Он-лайн кеңес беру.
Достарыңызбен бөлісу: