Программа по специальности «5В050300 психология»


Тұлғаны зерттеудегі феноменологиялық бағыт (К.Роджерс)



Pdf көрінісі
бет94/231
Дата13.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67339
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   231
Байланысты:
5В050300-Психология

Тұлғаны зерттеудегі феноменологиялық бағыт (К.Роджерс). 
Карл 
Роджерстің 
феноменологиялық 
теориясы. 
Роджерстің 
өмірбаяндық очеркі. Роджерстің адам табиғатына көзқарасы. Өмірдегі 
жетекші мотив: өзектендіру тенденциясы. К.Роджерстің феноменологиялық 
ұстанымы. Мен-концепция ұғымы. К.Роджерс бойынша тұлғаның Мен-
концепциясы. Толыққанды қызмет ететін адам. К.Роджерс бойынша тұлғаға 
шоғырланған терапия. 
Тұлғаға синтетикалық, әртүрлі тұрғыдан келу (тұғырлар) 
K.Левиннің (1890-1947). динамикалық тұлға теориясы. Тұтастық және 
нақтылық принциптері. Психологиялық өріс: өрістік және мақсатты мінез-
құлықтар. Өмір болашағы. Талаптану мен өзін-өзі бағалауын деңгейі. 
Көшбасшылық және топтық динамика. 
Психосинтез Р. Ассаджоли психосинтезі (1888-1974). Р. Ассаджоли 
бойынша тұлға құрылымы. Дара бейсаналықтың үш деңгейі: төмен (өзіне 
тән ерекшелігі жоқ), орта (жеке өзіндік), жоғары (трансперсоналды). 
Бейсаналы ұжымдық. Сана өрісі. Жеке «Мен». Жоғары «Мен». Ерік және 
негізгі психикалық функциялар. Субтұлғалар және олардың мінез-құлықтағы 
рөлі. 
Сәйкестендіру 
(идентификация) 
және 
сәйкессіхдендіру 
(деидентификация). Субтұлғаларды үйлестірудегі бес саты.
Эрик Берннің (1910-1970) трансакциялық талдауы. Эрик Берн бойынша 
тұлға құрылымы. Негізгі «Эго-күйлер» - балалық, ересек, ата-аналық.. 
Трансакция және трансакциялық талдау. Психологиялық «ойындар» 
және оларды талдау, олардың түрлері. Өмір сценарийлері және оларды 
талдау. Терапия, оқыту, отбасылық консультация беру және басқа салаларда 
трансакциялық талдау. 
Кеңес психологиясы мен посткеңестік аумақтағы психологиядағы 
тұлға концепциялары. Оның құрылымы мен қалыптасу механизмдері


96 
С.Л. 
Рубинштейннің 
субъектілік 
тұғыр 
шеңберіндегі 
тұлға 
концепциялары (К.А. Абульханова-Славская, А.В. Брушлинский). В.Н. 
Мясищевтің қатынас теориясындағы тұлға. К.К.Платонов бойынша тұлға 
концепциясы. Д.Н. Узнадзе бойынша бейім- бағдар мен объективация 
ұғымдары. Бейім- бағдар тұлғаның жалпыпсихологиялық сипатттамасы 
ретінде. Әлеуметтік бейім- бағдар тұлғаның көрінісі ретінде (Ш.А. 
Надирашвили).
Іс-әрекет тұғыры аясындағы тұлға концепциялары. А.Н.Леонтьев 
бойынша тұлға мотивтер иерархиялары ретінде. А.В.Петровскийдің тұлға 
концепциясы. Б.Г. Ананьевтің жүйелік әрі құрылымдық бағытындағы тұлға 
мәселесі. Б.Ф. Ломовтың тұлғаны зерттеудегі жүйелік кешенді бағыты. В.Я. 
Ядовтың тұлға диспозициясының иерархиялық құрылымы туралы 
концепциясы. 
Кеңестік психология және посткеңестік аумақтағы психология 
ғылымындағы тұлғаның қалыптасу механизмдері, қайнар көздері, 
құрылымдары мен зерттеу әдістері.
А.Н.Леонтьев мектебіндегі мағыналық құрылымдар мен процестерді 
зерделеу (А.Асмолов. Д.А. Леонтьев. Б.С.Братусь). Д.А..Леонтьевтің тұлға 
психологиясындағы мағына түсінігі. Б.С. Братустың тұлғаның рухани-
адамгершілік концепциясы. Сана психосемантикасы (В.Ф. Петренко, А.Г. 
Шмелев). 
Қазіргі заман тұлға психологиясының неғұрлым өзекті мәселелері және 
тенденциялары. Тұлғаны зерттеудегі жаңа теориялық және эмпирикалық 
ізденістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет