Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.І.Қызығушылықтыояту «Көңілкүйдіанықтау»ойыны Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл күйін келтіретін сурет (немесе смайлик) салады. Суретте олар адамның бет-əлпетін келтіруі керек (мəселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап т.б.). Олар суреттерін бір- біріне көрсетеді. Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл күйлерін көтеру тапсырылады.
Көңіл күйді табиғат құбылыстары арқылы да көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
Топтастыру
Топтастыру.«Социометрия»əдісі Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас əрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл əдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.
Нəтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.
Ітоп:«Ақтүс» ІІ топ: «Қызыл түс»ІІІтоп:«Жасылтүс»
(МК,Ұ)Ой қозғау. «Миғашабуыл»əдісі
Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды.
–Қай тақырыпта жоба жұмысын орындағың келеді?
–Құратын жобаң қандай қадамдардан тұрады?
–Жобаны компьютерде рəсімдеу үшін нені білуіміз
керек?
Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді.
Егер сұраққа жауап дұрыс болмаса, мұғалім өзі бағыттап, дұрыс жауабын табуға көмектеседі.