ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат: Пәнатауы:Программалау-2 Кредиттерсаны: 3 Курс,семестр:2-курс,3-семестр Мамандықтың шифрыменатауы:6В005302-Физика Институт,кафедра:Математика, физика және информатикаинституты. Информатика және білімді ақпараттандырукафедрасы
2. Бақылау түрі:тест түріндегі емтихан
Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы: «Программалау-2» пәні - бұл құрылымдық бағдарламалаудың негізгі түсініктерін (мәліметтер, айнымалылар, тармақтар, циклдар және функциялар) енгізетін бағдарламалаудың кіріспе курсы. Пәннің негізі деректерді өңдеудің математикалық, алгоритмдік және программалық тәсілдеріне, және оларды жоғары деңгейлі программалау тілінің бірі болып табылатын Python программалау тілін жүзеге асыруға арналған материалдардан тұрады. Python - бұл жаңадан бастаушыларға бағдарламалауды үйрену үшін басқа тілдерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар тіл (кодтың анықтығы, енгізу жылдамдығы).