319
Ассоциативті контейнерлер мəліметтерге кілт арқылы жылдам қол жеткізуді
қамтамасыз етеді. Мұндай контейнерлер теңдестірілген бұтақтар негізінде
құрылған. Ассоциативті контейнерлердің бес түрлі типі бар: сөздіктер (
mар
),
дубликатты (көшірмелі) сөздіктер (
multimap
), жиындар (
set
), дубликатты
(көшірмелі) жиындар (
multiset
) жəне биттік жиындар (
bitset
).
Программалаушы стандартты кітапханадағы контейнерлік кластардың
негізінде өзіндік контейнерлік кластарын құра алады.
STL кітапханасының орталық ұғымы шаблон болып табылады, сондықтан
осы тараудың материалын оқуға кірісуден бұрын бұл ұғымның оқырмандар
үшін жұмбақ еместігіне көз жеткізу керек (88 б. «Функциялардың шаблон-
дары» бөлімін жəне 228 б. «Класc шаблондары» бөлімін қараңыз). Сонымен
қатар, атаулар кеңістіктері (107 б.), функцияларды асыра жүктеу (86 б.) жəне
операцияларды асыра жүктеу (205 б.) түсініктерімен таныс болу керек.
Контейнерлік кластар оларды пайдалану кезінде стандартталған
интерфейсті қамтамасыз етеді. Əртүрлі контейнерлер үшін аттары бірдей
операциялардың мағынасы да бірдей, негізгі операцияларды контейнердің
барлық типтерінде қолдануға болады. Стандарт тек контейнерлердің
интерфейстерін анықтайды, сондықтан олардың əртүрлі жүзеге асырулары
тиімділігі бойынша бір-бірінен айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Кез келген дерлік контейнерлік класта төменде көрсетілген типтердің
өрістері анықталған:
Достарыңызбен бөлісу: