356
13-ТАРАУ
Итераторлар жəне функционалдық объектілер
Итераторлар мен функционалдық объектілер стандартты кітапханада
кеңінен қолданылады. Итератор түсінігі осының алдындағы бөлімде
контейнерлік кластарды қарастыру кезінде енгізілді, функционалдық
объектілермен басымдылықтары бар кезектерді қарастыру кезінде танысқан
болатынбыз. Оларды осыдан ары «Алгоритмдер» бөлімінде (373 б.) сипатта-
латын кітапхана алгоритмдерінде қолдану үшін толығырақ қарастырайық.
Итераторлар
Мəліметтерді кез келген бір абстрактылы тізбек түрінде елестетейік.
Бізге оның ұйымдастырылу тəсіліне жəне мəліметтер типіне тəуелсіз түрде,
жеке элементтер бойынша тізбекті қарап шығу жəне оның əрбір элементіне
қол жеткізу құралдары қажет болады. Итератор осы қарап шығу құралдарын
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Итератор – бұл нұсқауыш ұғымының əртүрлі мəліметтер құрылымдарымен
стандартты тəсіл арқылы жұмыс істеу үшін жалпы түрде қарастырылуы.
Əртүрлі құрылымдағы мəліметтермен дұрыс əрі тиімді жұмыс істейтін
алгоритмдерді жүзеге асыру мүмкін болуы үшін стандарт интерфейсті ғана
емес, итераторлардың көмегімен қол жеткізу уақытына қойылатын талаптар-
ды да анықтайды.
Итератор «нұсқауыш» ұғымының жалпылама ұғымы болғандықтан,
олардың семантикасы бірдей болады жəне параметр ретінде итераторларды
қабылдайтын барлық функциялар да қарапайым нұсқауыштармен осылай
жұмыс істей алады.
Стандартты кітапханада итераторлар контейнерлік кластармен, ағымдармен
жəне ағым буферлерімен жұмыс істеу үшін қолданылады.
Итераторларда «ағымдағы нұсқалған элемент» жəне «келесі элементке
нұсқау» ұғымдары қолданылады. Тізбектің ағымдағы элементіне қол жеткізу,
қарапайым нұсқауыштардағы сияқты,
Достарыңызбен бөлісу: