Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


switch операторында келісім бойынша анықталған жағдайды  қарастыратын  default



Pdf көрінісі
бет113/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

switch
операторында келісім бойынша анықталған жағдайды 
қарастыратын 
default
сөзі болуы керек, əсіресе ол оператор құрамында 
ажыратқыштың барлық мүмкін мəндері көрсетілген жағдайда өте маңызды 
болып табылады. 
Қате кеткен кездерде хабарлама беретін мүмкіндік болуы тиіс жəне он-
дайда қолданушыға қатені түзету жолдары туралы түсініктемелер берілгені 
дұрыс. Мысалы, қате мəн енгізілген жағдайда, хабарламада сол мəннің өзгеру 
диапазоны көрсетілуі керек. 
Динамикалық түрде жадыны бөлу мен босату операцияларын бір функ-
ция ішіне қарастыру керек. Жадыны бөліп, оны кейіннен босатуды ұмытқан 
жағдайда туындайтын жадының артық жұмсалуы – жұмыс істеу ұзақтығы 
шектелмеген программаларда – мəлімет базалары серверлері мен операциялық 
жүйелер жұмысында үлкен қиындықтар тудырады.
Программаны жазғаннан кейін оны мұқият тексеріп түзетіп шығу керек 
(ол үшін программаны білімі аздау сіздің дұшпаныңыз жазған деп есептеңіз) – 
қажет емес жерлерді алып тастау, сипаттамаларды бір орынға жинақтау, шарт-
тарды тексеру мен циклдерді тиімді түрде ұйымдастыру, функцияларға бөлу 
тиімділігін тексеру, т.с.с. əрекеттерді орындау қажет. Программаны кез келген 
уақытта басқа программалаушыға беретіндей етіп жазып шығу керек. Жазған 
программаңызды достарыңыздың немесе əріптестеріңіздің біріне оқуға 
берген дұрыс (дұшпандарыңызға немесе бəсекелестеріңізге берген тіптен 
жақсы) жəне оларға ауызша айтпасаңыз түсініксіз болатын жерлерге қосымша 
түсініктемелер енгізген дұрыс.
Түсініктелер жазудың маңызы өте зор, себебі программалаушы көбінесе 
жазушыдан гөрі оқушыға көбірек ұқсайды. Программаны сүйемелдеуші 
сол программаның авторы болса да, бір жылдан кейін дұрыс құжатталмаған 
мəтінмен жұмыс істеу қиынға түседі, өйткені көп нəрсе ұмытылып кетеді. 
Енді түсініктемелер мен программа мəтінін форматтауға байланысты 
кеңестерге тоқталайық. С++ тіліндегі программаларды оқып, жылдам түсіну 
оңай емес (олар Perl тіліндегі программаға қарағанда жеңіл оқылғанмен, Pascal 
тіліндегі программалардан нашар оқылады), сондықтан оларды форматтау 
мен құжаттау кезінде жақсы стильді ұстану маңызды жұмыс болып табылады.
«Түсініктемелерсіз программаны сүйемелдеу оңай емес. Ол ... компьютер-
лік программа емес, сағаттық бомба секілді» [9]. Егер программа пайдала-


115
нылатын болса, онда ол бір жыл ғана өмір сүрмейді, оған белгілі бір жаңа 
қасиеттер қосу қажеттілігі оны пайдалануға енгізген бойда бірден пайда 
болады жəне программаны сүйемелдеу оны жазуға қарағанда, əлдеқайда 
көп уақыт алады. Құжаттаманың негізгі бөлігі программа мəтініне енгізілуі 
керек. Жақсы түсініктемелер жазу жақсы программа жазған сияқты оңай 
іс емес.
Түсініктемелер қысқартылмай, тыныс белгілері дұрыс қойылған 
сөйлемдерден

 құралуы керек жəне ол айқын мəселелер туралы мəлімет 
бермеуі тиіс (бұл кітаптағы түсініктемелерді үлгі ретінде ұсынуға бол-
майды, өйткені олар программаларды сүйемелдеу үшін емес, студенттерді 
оқытып үйретуге арналған). Мысалы, «
f
функциясын шақыру» немесе «ай-
нымалыларды сипаттау» деген сияқты түсініктемелерді келтірудің ешқандай 
қажеттілігі жоқ. Егер программа үзіндісіне қатысты түсініктеме бірнеше жол-
дан тұратын болса, оны программа кодының оң жағына жазудың орнына, сол 
үзіндіге дейін орналастырып, оны тік бағытта туралаған жөн. Түсініктеменің 
абзацтық (азат жолдық) шегінісі түсініктеме жасалатын блоктың шегінісіне 
сəйкес келуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет