Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


private  көріну аймағына кіреді. Берілген класта əдістердің үш анықтамасы жəне бір жариялануы ( draw



Pdf көрінісі
бет169/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

private 
көріну аймағына кіреді.
Берілген класта əдістердің үш анықтамасы жəне бір жариялануы (
draw 
əдісі) берілген. Егер əдіс тұлғасы (денесі) класс ішінде анықталған болса, онда 
ол құрамдас
(inline
) болып табылады. Көбінесе қысқа əдістерді құрамдас 
əдістер ретінде жасайды. Егер класс ішінде тек қана əдістің жариялануы 
(тақырыбы) берілген болса, əдістің өзі программының басқа жерінде көріну 
аймағына қол жетімділік операциясы (
::
) арқылы анықталуы керек:
void monstr::draw(int x, int у, int scale, int position){ 
/* əдіс тұлғасы */
}
Əдісті
 inline
(қарапайым функциялардағы сияқты ол ұсыныс сипатын-
да болады) директивасының көмегімен кластан тыс та құрамдас əдіс ретінде 
анықтауға болады.
inline int monstr::get_ammo(){ 
return ammo;
}
Əрбір класс құрамында атауы класс атауымен бірдей болып келетін кем 
дегенде бір əдіс болады. Ол конструктор деп аталады жəне класс объектісін 
құру кезінде автоматты түрде шақырылады. Конструктор объектіні инициал-
дау үшін қажет. Конструкторды автоматты түрде шақыру инициалданбаған ай-
нымалыларды пайдалануға байланысты туындайтын қателердің алдын алуға 
мүмкіндік береді. Конструкторлар туралы толығырақ мəлімет «Конструктор-
лар» бөлімінде, 196 б. қарастырылады.
struct 
жəне 
union
сияқты мəліметтер типтері кластың түрлері болып табы-
лады, олардың арасындағы айырмашылық кейінірек, 226-227 б. түсіндіріледі. 
Класты сипаттаудың басқа бір мысалы, сонымен қатар жергілікті класс мыса-
лы «Кластардың шаблондарын құру» бөлімінде, 228 б. қарастырылады.
Объектілерді сипаттау
«Класс» типті нақты көрсетілген айнымалылар класс даналары (экзем-
плярлары) немесе объектілер деп аталады. Объектілердің өмірлік кезеңдері 
мен көріну мүмкіндігі олардың түрлеріне жəне сипатталу орнына байланысты 
болады жəне C++ тілінің жалпы ережелеріне бағынады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет