Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


vector ), екіжақты ке- зектер ( deque



Pdf көрінісі
бет290/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

vector
), екіжақты ке-
зектер (
deque
) жəне тізімдер (
list
), сонымен қатар адаптерлер, яғни контей-
нерлер нұсқалары – стектер (
stack
), кезектер (
queue
) жəне басымдылықтары 
бар кезектер (
priority_queue
) жатады. 
Контейнердің əрбір түрі мəліметтерге қолданылатын өзіндік əрекеттер 
жиынтығын орындауды қамтамасыз етеді. Контейнердің түрін таңдау 
программадағы мəліметтермен орындалатын əрекеттерге байланысты бо-
лады. Мысалы, тізбектің ортасына элементтерді жиі кірістіру немесе олар-
ды өшіру қажет болса, тізімді қолданған жөн, ал егер элементтерді негізінен 
тізбек соңына немесе басына қосу орындалатын болса, онда екіжақты кезекті 
қолданған дұрыс болып табылады. 


319
Ассоциативті контейнерлер мəліметтерге кілт арқылы жылдам қол жеткізуді 
қамтамасыз етеді. Мұндай контейнерлер теңдестірілген бұтақтар негізінде 
құрылған. Ассоциативті контейнерлердің бес түрлі типі бар: сөздіктер (
mар
), 
дубликатты (көшірмелі) сөздіктер (
multimap
), жиындар (
set
), дубликатты 
(көшірмелі) жиындар (
multiset
) жəне биттік жиындар (
bitset
).
Программалаушы стандартты кітапханадағы контейнерлік кластардың 
негізінде өзіндік контейнерлік кластарын құра алады.
STL кітапханасының орталық ұғымы шаблон болып табылады, сондықтан 
осы тараудың материалын оқуға кірісуден бұрын бұл ұғымның оқырмандар 
үшін жұмбақ еместігіне көз жеткізу керек (88 б. «Функциялардың шаблон-
дары» бөлімін жəне 228 б. «Класc шаблондары» бөлімін қараңыз). Сонымен 
қатар, атаулар кеңістіктері (107 б.), функцияларды асыра жүктеу (86 б.) жəне 
операцияларды асыра жүктеу (205 б.) түсініктерімен таныс болу керек. 
Контейнерлік кластар оларды пайдалану кезінде стандартталған 
интерфейсті қамтамасыз етеді. Əртүрлі контейнерлер үшін аттары бірдей 
операциялардың мағынасы да бірдей, негізгі операцияларды контейнердің 
барлық типтерінде қолдануға болады. Стандарт тек контейнерлердің 
интерфейстерін анықтайды, сондықтан олардың əртүрлі жүзеге асырулары 
тиімділігі бойынша бір-бірінен айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. 
Кез келген дерлік контейнерлік класта төменде көрсетілген типтердің 
өрістері анықталған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет