121
болған төменгі деңгей модульдерін өзгертуге қосымша шығындар қажет
болады.
Екіншіден, əрбір модульді, содан кейін барып программаның көлемдірек
кодтарын жазу үшін əр жолы жекелеген тест мысалдарын қарастыру қажет
болады, осылайша программалаушының кейін модуль жұмыс істейтін орта-
ны жиі модельдеуіне тура келеді. Программалаудың төмен қарай бағытталған
технологиясы тесттерді құрудың табиғи реттілігін – оның төменге қарай
бағытталған түзету мүмкіндігін қамтамасыз етеді, оны кейінірек қарастыратын
боламыз.
С++ тіліндегі алгоритмдер жазуға арналған ұсыныстар (осы ұсыныстардың
басым бөлігі жоғарғы деңгейдегі басқа программалау тілдері үшін де дұрыс
болып табылады) алдыңғы бөлімде көрсетілген. Мұндағы негізгі мақсатымыз
– жалпы программаның жəне оны құрамындағы кез келген функция
құрылымының қарапайым болуы жəне кейіннен жеңіл оқылуы екенін еске
саламыз.
Программалау барысында интерфейсті (функцияның, модульдің,
кластың интерфейсі) оның жүзеге асырылуынан бөле отырып, қажетсіз
ақпаратқа қол жеткізуді шектеу керек. Тіпті программалаудағы ұсақ-түйек
ұқыпсыздықтың өзі түзету кезеңінде қателерді іздеуге кететін шығындардың
артуына алып келуі мүмкін.
Жобалау жəне программалау кезеңдері қатарласа жүргізілуі тиіс: ең
дұрысы – алдымен жоғарғы деңгей, содан кейін келесісі, т.с.с. сатылы түрде
жобаланады жəне кодталады. Мұндай стратегияның қолданылу себебі –кодтау
кезінде төменгі деңгей модульдеріне əсер ететін өзгерістер енгізу қажеттілігі
туындауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: