Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


insert функциясы  бірінші элементі ( fi rst



Pdf көрінісі
бет327/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   465
insert
функциясы 
бірінші элементі (
fi rst
) кірістірілген элементке итератор болатын жұпты 
қайтарады. Ол 
im
айнымалысына меншіктеледі. 
Келесі операторда 
insert
функциясының көмегімен жиынға жаңа 
элементті қосу орындалады, ол сөздіктің екінші элементі (
second
) болып та-
былады.
Осыдан кейін сөздікті шығару орындалады. Əрбір сөз үшін циклде 
жолдар нөмірлерінен тұратын жиынның элементтері шығарылады. 
Контейнерлік кластарға практикумның [12] алтыншы семинары арналған. 


356
13-ТАРАУ
Итераторлар жəне функционалдық объектілер
Итераторлар мен функционалдық объектілер стандартты кітапханада 
кеңінен қолданылады. Итератор түсінігі осының алдындағы бөлімде 
контейнерлік кластарды қарастыру кезінде енгізілді, функционалдық 
объектілермен басымдылықтары бар кезектерді қарастыру кезінде танысқан 
болатынбыз. Оларды осыдан ары «Алгоритмдер» бөлімінде (373 б.) сипатта-
латын кітапхана алгоритмдерінде қолдану үшін толығырақ қарастырайық.
Итераторлар
Мəліметтерді кез келген бір абстрактылы тізбек түрінде елестетейік. 
Бізге оның ұйымдастырылу тəсіліне жəне мəліметтер типіне тəуелсіз түрде, 
жеке элементтер бойынша тізбекті қарап шығу жəне оның əрбір элементіне 
қол жеткізу құралдары қажет болады. Итератор осы қарап шығу құралдарын 
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 
Итератор – бұл нұсқауыш ұғымының əртүрлі мəліметтер құрылымдарымен 
стандартты тəсіл арқылы жұмыс істеу үшін жалпы түрде қарастырылуы. 
Əртүрлі құрылымдағы мəліметтермен дұрыс əрі тиімді жұмыс істейтін 
алгоритмдерді жүзеге асыру мүмкін болуы үшін стандарт интерфейсті ғана 
емес, итераторлардың көмегімен қол жеткізу уақытына қойылатын талаптар-
ды да анықтайды. 
Итератор «нұсқауыш» ұғымының жалпылама ұғымы болғандықтан, 
олардың семантикасы бірдей болады жəне параметр ретінде итераторларды 
қабылдайтын барлық функциялар да қарапайым нұсқауыштармен осылай 
жұмыс істей алады. 
Стандартты кітапханада итераторлар контейнерлік кластармен, ағымдармен 
жəне ағым буферлерімен жұмыс істеу үшін қолданылады. 
Итераторларда «ағымдағы нұсқалған элемент» жəне «келесі элементке 
нұсқау» ұғымдары қолданылады. Тізбектің ағымдағы элементіне қол жеткізу, 
қарапайым нұсқауыштардағы сияқты, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет