Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Нұсқауыштармен орындалатын арифметикалық операция-



Pdf көрінісі
бет52/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   465
Нұсқауыштармен орындалатын арифметикалық операция-
лар (тұрақтымен қосу, азайту, инкремент жəне декремент) нұсқауыштар 
адрестейтін шамалардың типтері мөлшерін (енін) автоматты түрде ескереді. 
Мұндай операциялар тек бір типтегі нұсқауыштарға қолданылады жəне олар 
компьютер жадында тізбектеле орналасқан мəліметтер құрылымдарымен, мы-
салы, жиымдармен жұмыс істеу кезінде кең пайдаланылады.
Инкремент операциясы нұсқауышты жиымның келесi элементiне, ал 
декремент – алдыңғы элементіне көшіреді. Нұсқауыштың мəнi iс жүзiнде 
sizeof(тип)
шамасына өзгеріп отырады. Егер нақты бір типке нұсқауыш 
тұрақтыға артса немесе кемісе, оның мəнi берілген типтегі объект енін осы 
тұрақтыға көбейтілген шамаға өзгереді, мысалы:
short * р = new short [5];
р++; 
// р мəні 2-ге артады
long * q = new long [5];
q++; 
// q мəні 4-ке артады 
Екi нұсқауыштың айырмасы – бұл нұсқауыштар мəндерінің айырмасын 
байтпен берілген тип көлеміне бөлу болып табылады (мысалы, жиымдарға 
қатысты үшінші жəне алтыншы элементтерге нұсқауыштардың айырмасы 
үшке тең). Екi нұсқауышты қосуға болмайды.
Нұсқауыштары бар өрнектерді жазған кезде операциялар басымдылық-
тарына назар аудару керек. Мысал ретінде 
*р++ = 10; 
операторында берілген əрекеттер тізбегін қарастырайық. 


56
Инкремент жəне адрессіздендіру операцияларының басымдылықтары 
бірдей болады жəне олар солдан оңға қарай орындалады, алайда инкремент 
постфиксті болғандықтан, ол меншіктеу операциясынан кейін орындала-
ды. Осылайша, 
р
нұсқауышында сақталған адрес бойынша 10 мəнi жазы-
лады, содан кейін нұсқауыш оның типіне сəйкес байт санына артады. Осы 
айтылғандарды төмендегідей түрде реттеп жазуға да болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет