Параметрлер тізімі
функцияға оны шақыру кезінде берілуі тиіс
болатын шамаларды анықтайды. Параметрлер тізімінің элементтері бір-
бірінен үтір арқылы ажыратылады. Функцияға берілетін əрбір параметрдің
аты мен типі көрсетіледі (жариялау кезінде оның атын көрсетпеуге де
болады).
□ Функция арқылы өңделетін аластаулар туралы «Функцияның аластама-
лар тізімі» бөлімінде 245 б. жазылған.
Бір функциянының анықталуындағы, жариялануындағы жəне
шақырылуындағы параметрлердің типтері мен жазылу реттілігі бір-бірімен
сəйкес келу керек. Параметрлер аттарына олардың сəйкестігі бойынша шек
қойылмайды, себебі функцияны əртүрлі аргументтермен шақыруға болады, ал
прототиптердегі атауларды компилятор ескермейді (олар тек программаның
оқылуын жеңілдету үшін қолданылады).
Функцияны
inline
модификаторының көмегімен құрамдас функция
ретінде анықтауға болады, бұл модификатор компиляторға функцияны
пайдалану орнына оның кодын əрбір шақыру нүктесіне тікелей орналасты-
ру керек екенін көрсетеді.
inline
модификаторы функция типінің алдына
қойылады. Ол қысқа функцияларды шақыруға кететін қосымша шығындарды
азайту үшін (регистрлерді сақтау жəне қалпына келтіру, басқаруды беру)
қолданылады. i
Достарыңызбен бөлісу: |