Функцияларды асыра жүктеу
Көбінесе мəліметтердің əртүрлі типтері үшін бірдей алгоритмді жүзеге
асыратын функциялар атауларының бірдей болғаны ыңғайлы болады. Егер бұл
атау қажетті ақпаратты беретін болса, онда программаны түсіну жеңілдейді,
себебі əрбір əрекет үшін бір ғана атауды есте сақтау керек болады. Атаулары
бірдей, бірақ параметрлерінің типтері əртүрлі бірнеше функцияны қолдану
функцияларды асыра жүктеу деп аталады.
Қандай функцияны шақыру қажеттігін компилятор нақты пара-
метрлер типіне байланысты анықтайды. Бұл процесс асыра жүктеудің
рұқсатнамасы деп аталады (resolution ағылшын сөзінің «нақтылау»
мағынасындағы аудармасы). Функцияның қайтаратын мəнінің типі
рұқсатнамаға əсер етпейді. Рұқсатнама механизмі айтарлықтай күрделі
ережелер жиынына негізделген, олардың мағынасын қысқаша түрде бы-
лай қорытындылауға болады: функцияны барынша лайықты аргумент-
термен қолданып, ондай мүмкіндік табылмаса, қате туындағаны тура-
лы хабарлама шығару қажет. Ең үлкен мəнді (максимумды) анықтайтын
функцияның төрт нұс қасы бар делік:
Достарыңызбен бөлісу: |