struct Node{
int Node;
int i;
}Node;
Мұнда ешқандай қайшылық жоқ, себебі типтің, айнымалының жəне
құрылым элементінің атаулары əртүрлі кеңістіктерге жатады. С++ тілінде
құрамындағы атаулар қайталанбауы тиіс төрт түрлі идентификаторлар класы
анықталған:
□
Бір атаулар кеңістігіне айнымалылардың, функциялардың,
қолда
нушылар анықтаған типтердің (
typedef
) жəне тізбелер
тұрақтыларының (65 б. қараңыз) бір көріну аймағындағы атаулары жа-
тады. Функция атауларынан басқасы кіріктірілген ішкі блоктарда қайта
анықталуы мүмкін.
□ Тізбелер типтерінің, құрылымдардың, кластардың жəне бірік-
тірмелердің атаулары басқа бір атаулар кеңістігін құрайды. Бір
көріну аймағындағы əрбір атау басқа типтер атауларынан өзгеше бо-
луы керек.
□ Əрбір құрылым, класс жəне біріктірме элементтері жеке кеңістікті
құрайды. Элемент атауы құрылым ішінде қайталанбауы тиіс, бірақ олар
басқа құрылымдар элементтерінің атауларымен бірдей болуы мүмкін.
□ Белгілер (label) жеке атаулар кеңістігін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |