көшіретін функция құрыңыз. Қажетті жазбаның нөмірі міндетті параметр бо-
лып табылады. Егер файлдан оқу сəтті орындалса, функция нөлдік мəн, кері
166
Функциялар үшiн барлық қажетті мəлiметтер оларға параметрлер ретiнде
берілуі тиіс. Функцияларда ауқымды айнымалыларды пайдалануға тыйым са-
лынады.
5-нұсқа
Планшеттi сканерлер туралы мəлiметтерді сақтау үшiн 1-нұсқада
көрсетілгендей құрылымды сипаттаңыз.
Берілген құрылымнан сканер туралы мəліметтерді бинарлық файлдағы
қажетті позицияға жазатын функция құрыңыз. Файлдың құрылымы: алғашқы
екi байтта файлға енгізілген жазбалар санын анықтайтын
int
типті мəн ор-
наласады; одан кейін сканерлер туралы жазбалар бос орын қалдырмастан жа-
зылады. Жазба кез келген позицияға орындалуы мүмкін, егер енгізіліп жатқан
жəне соңғы жазба (немесе файлдың басы) арасында бос орындар бар болса,
олар нөлдермен толтырылады.
Жоғарыда сипатталған бинарлық файлды құрамындағы барлық нөлдерден
тұратын жазбаларды жою арқылы оны «ықшамдап тығыздайтын» функция
құрыңыз.
Сканерлер туралы мəліметтер (мəліметтер пернетақтадан енгізіледі)
сақталған алтыдан кем емес жазбалардан тұратын файл құратын жəне оны
ықшамдайтын программа мысалын келтіріңдер.
Функциялар үшiн барлық қажетті мəлiметтер оларға параметрлер ретiнде
берілуі тиіс. Функцияларда ауқымды айнымалыларды пайдалануға тыйым са-
лынады.
6-нұсқа
Планшеттi сканерлер туралы мəлiметтерді сақтау үшiн 1-нұсқада
көрсетілгендей құрылымды сипаттаңыз.
Құрылымдар жиымына жадыны динамикалық түрде бөлетін (алты элемент-
тен кем емес), оны сұхбат режимінде мəліметтермен толтыратын жəне жиымды
бинарлық файлға жазатын функция құрыңыз. Файлдың құрылымы: алғашқы екi
байтта файлға енгізілген жазбалар санын анықтайтын
int
типті мəн орналаса-
ды; одан кейін сканерлер туралы жазбалар бос орын қалдырмастан жазылады.
Сканер туралы мəліметтерді сұхбаттасу режимінде сұрайтын жəне
бинарлық файлдағы жазбаларды берілген нөмірі бойынша алмастыратын
функция құрыңыз. Қажетті жазбаның нөмірі міндетті параметр болып табыла-
ды. Егер файлдан оқу сəтті орындалса, функция нөлдік мəн, кері жағдайда -1
мəнін қайтаруы тиіс.
Сканерлер туралы мəліметтер (мəліметтер пернетақтадан енгізіледі)
сақталған сегізден аспайтын жазбалардан тұратын файлды құратын жəне ска-
нер туралы жаңа жазбалар кірістіруді жүзеге асыратын программа мысалын
келтіріңдер.
Функциялар үшiн барлық қажетті мəлiметтер параметрлер ретiнде берілуі
тиіс. Функцияларда ауқымды айнымалыларды пайдалануға тыйым салынады.
167
7-нұсқа
Планшеттi сканерлер туралы мəлiметтерді сақтау үшiн 1-нұсқада
көрсетілгендей құрылымды сипаттаңыз.
Берілген құрылымнан сканер туралы мəліметтерді бинарлық файлға жа-
затын функция құрыңыз. Файлдың құрылымы: алғашқы екi байтта файлға
енгізілген жазбалар санын анықтайтын
int
типті мəн орналасады; одан кейін
сканерлер туралы жазбалар бос орын қалдырмастан жазылады.
Аталған файлдан сканер туралы мəліметтерді
Достарыңызбен бөлісу: