int scanf (const char* format, ...) // енгізу
int printf(const char* format, ...) // шығару
Бұлар шамалардың кез келген санын
format
форматы тіркесіне сəйкес
форматталған түрде енгізу жəне шығару əрекеттерін орындайды. Формат
тіркесінде мəлімет шығару кезінде ағымға (экранға) көшірілетін немесе
мəлімет енгізу кезінде ағымнан (пернетақтадан) шақырылатын символдар
жəне % белгісінен басталатын, енгізу жəне шығару кезінде нақты шама-
лармен алмастырылатын түрлендіру спецификациялары болады. Програм-
малау кезінде жиі қолданылатын түрлендіру спецификацияларының тізімі
2-қосымшада берілген.
С тілі стиліндегі енгізу/шығару функцияларын пайдаланатын програм-
маның мысалы:
|