Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


delete  операциясына  size_t



Pdf көрінісі
бет315/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

delete

 операциясына 



size_t

 типіндегі 

объектінің өлшемін жібереді. Егер өшірілетін  объект туынды болса жəне 

оның құрамында виртуалды деструктор анықталмаса, онда жіберілген объект 

өлшемі дұрыс болмауы мүмкін. 

Əдісті виртуалды жасаудың нақты ережесі жоқ. Туынды класта қайта 

анықталу ықтималдығы бар əдістерді виртуалды ретінде жариялау туралы 

ұсыныс қана беруге болады. Барлық иерархия деңгейлерінде өзгеріссіз қалатын 

немесе туынды кластар қолданбайтын əдістерді виртуалды етудің қажеті жоқ. 

Басқа жағынан алғанда, иерархияны жобалау кезінде базалық кластардың 

қандай жолмен кеңейтілетінін алдын ала болжау əрқашанда мүмкін бола 

бермейді (əсіресе кластар кітапханаларын жобалағанда), ал əдісті виртуалды 

ретінде жариялау икемділік пен кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

Соңғы жағдайды түсіндіру үшін 



draw

 əдісін шақыру объектінің орнын 

ауыстыру əдісінен орындалады деп есептейік. Егер орын ауыстыру əдісінің 

мəтіні орны ауыстырылатын объект типіне байланысты болмаса (барлық 

объектілердің орын ауыстыру принциптері бірдей болғандықтан, ал суреттеу 

үшін нақты əдіс шақырылатындықтан), туынды кластарда бұл əдісті қайта 

анықтаудың қажеті жоқ жəне оны виртуалды  əдіс ретінде сипаттамауға бо-

лады. Егер 



draw

 əдісі виртуалды болса, орын ауыстыру əдісі қайта компиля-

циялаусыз кез келген туынды класс объектілерімен (тіпті оны жазу кезінде 

белгісіз болған объектілермен де) жұмыс істей алады.

Виртуалды механизм тек объектілерге нұсқауыштарды немесе сілтемелерді 

қолдану кезінде ғана жұмыс істейді. Нұсқауыш немесе сілтеме арқылы 

анықталып, виртуалды  əдістерді қамтитын объект полиморфты деп атала-

ды. Мұндайдағы полиморфизмнің мəні – əдіске бір ғана хабарласу арқылы 

əрбір уақыт мезетінде нұсқауыш сілтеме жасайтын типке байланысты əртүрлі 

əрекеттер орындалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет