290
Мəліметтерді жалаушалар мен əдістер көмегімен шығару кезіндегі фор-
маттау мысалы:
#include
int main(){
long a = 1000, b = 077;
cout.width(7);
cout.setf(ios::hex | ios::showbase |ios::uppercase);
cout << a;
cout.width(7);
cout << b << endl;
double d = 0.12, c = 1.3e-4;
cout.setf(ios::left);
cout << d << endl;
cout << c;
return 0;
}
Программа жұмысының нəтижесінде бірінші жолда он алтылық жүйеде
бас əріптермен
а
жəне
b
айнымалылары шығарылады, олардың əрқайсысына
7 позициядан бөлінеді (
width
функциясы тек бір ғана шығарылатын мəнге
əсер етеді, сондықтан оны шақыртуды екі рет қайталау керек).
С
жəне
d
айнымалыларының мəндері өрістің сол жақ шетіне қарай тураланған:
0Х3Е8 0X3F
0.12
0.00013
Манипуляторлар
Манипуляторлар деп мəліметтерді форматтау үшін оларды орналастыру
жəне шығарып алу операциялары тізбегіне қосуға болатын функцияларды
атайды. Манипуляторлар
қарапайым жəне
параметрленген болып
бөлінеді,
бұлардың біріншісі аргументтерді көрсетуді талап етпейді. Манипуляторлар-
ды қолдану форматтау жалаушаларын орнату əдістерін қолдануға қарағанда
айтарлықтай ыңғайлы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: