Конструкторлар жəне тіркестерді меншіктеу
string
класында бірнеше конструкторлар анықталған. Төменде
жиі қолданылатын конструкторлардың тақырыптары қарапайым түрде
көрсетілген:
string();
string(const char *);
string(const char *, int n);
string(string &);
Бірінші конструктор
string
типті бос объектіні құрады. Екіншісі
string
типті объектіні ескі стильдегі тіркес негізінде құрады, ал үшінші конструктор
string
типті объектіні құрады да, оған бірінші параметр ретінде көрсетілген
тіркестен
n
символды көшіріп жазады. Соңғы конструктор көшіру конструкто-
ры болып табылады, ол жаңа объектіні өзіне параметр ретінде берілген объект
көшірмесі ретінде құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |