Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


size() Элементтер саны  max_size()



Pdf көрінісі
бет429/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

size()

Элементтер саны 



max_size()

Контейнердің максималды өлшемі (миллиард элемент шамасында)



empty()

Контейнердің бос екендігін көрсететін бульдік функция

Контейнерлердің басқа өрістері мен əдістерін қажеттілігі туған кезде 

қарастырамыз. 

STL кітапханасы 13 тақырыптық файлда анықталады, олар:

algorithm deque   functional iterator list    map

memory    numeric queue set  stack    utility vector

Тізбекті контейнерлер 

Веторлар (



vector

), екіжақты кезектер (



deque

) жəне тізімдер (



list

операциялардың əртүрлі жиынтығын сүйемелдейді, олардың ішінде өзара бір-



біріне сəйкес келетін бірдей операциялар да бар. Олар əртүрлі тиімділікпен 

жүзеге асырылуы мүмкін:




321

Операция

Əдіс vector

deque

list

Басына кірістіру



push_front

-

+

+

Басынан жою



pop_front

-

+

+

Соңына кірістіру



push_back

+

+

+

Соңынан жою



pop_back

+

+

+

Кездейсоқ орынға 

кірістіру

insert

(+)

(+)

+

Кездейсоқ орыннан 

жою

erase

(+)

(+)

+

Элементке 

кездейсоқ түрде қол 

жеткізу


[ ], at

+

+

-

Кестедегі 



+

 белгісі соған сəйкес операция контейнердегі элементтер санына 

(

n

) тəуелсіз түрде тұрақты уақыт ішінде жүзеге асатынын білдіреді. (



+

) белгісі 

соған сəйкес операция 

n

 шамасына пропорционалды уақытта орындалаты-

нын білдіреді. Егер 

n

 шамасы аз болса, 



+

 белгісімен берілген операциялардың 

орындалу уақыты (

+

) белгісімен көрсетілген операциялардың уақытынан 

артық болуы мүмкін, бірақ элементтер саны көп болған жағдайда соңғысы өте 

қымбат болып кетуі мүмкін.

Кестеден көріп отырғанымыздай, мұндай операцияларға кезектің жəне 

вектордың кездейсоқ элементтерін кірістіру жəне жою əрекеттері жатады, 

өйткені мұндайда осы элементтен кейін орналасқан барлық элементтерді жаңа 

орынға көшіріп жазу қажет болады.  

Сонымен, 

вектор – бұл элементтерге кездейсоқ қол жеткізуді, соңына 

қосуды жəне соңынан жоюды тиімді жүзеге асыратын құрылым.



Екіжақты кезек элементтерге кездейсоқ қол жеткізуді, екі шетіне (жағына) 

де қосуды жəне екі шетінен де (жағынан) жоюды тиімді жүзеге асырады. 



Тізім элементтерді кездейсоқ орындарға кірістіруді жəне жоюды жүзеге 

асырады, бірақ өз элементтеріне кездейсоқ түрде қол жеткізе алмайды.

Вектормен жұмыс жасау мысалы. Файлдың ішінде бүтін сандардың 

кездейсоқ мөлшері берілген. Программада олар векторға оқылады да, сол 

реттілікпен экранға шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет