erase
функциясы вектордың бір элементін жою үшін (функцияның бірінші
формасы) немесе итераторлар көмегімен берілген диапазонын (екінші форма)
жою үшін қолданылады:
vector v;
for (int i = 1; i<6; i++) v.push_back(i);
// v құрамы: 1 2 3 4 5
v.erase(v.begin()); // v құрамы: 2 3 4 5
v.erase(v.begin(), v.begin() + 2); // v құрамы: 4 5
Мұнда үшінші параметр арқылы соңғы жойылатын элемент емес, одан
кейін орналасқан элемент берілетініне назар аударыңыз.
Кірістіру кезіндегі сияқты,
erase
функциясының əрбір шақырылуы жаңа
позицияға ығыстырылып жылжытылатын элементтердің санына пропорци-
онал уақытты қажет етеді. Жою орнынан «оңға қарай» орналасқан барлық
сілтемелер мен итераторлар жарамсыз болып қалады.
swap
функциясы типтері бірдей, бірақ өлшемдері бірдей бола бермейтін
(ол міндетті емес) екі вектор элементтерін алмастыру үшін қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: |