Жиымның өлшемі жəне элементтерінің типі жиымды орналастыруға
қажетті жады көлемін анықтайды, оларға бөлінетін жады программаны ком-
пиляциядан өткізу кезеңінде беріледі, сондықтан жиым өлшемі тек бүтін
оң тұрақтымен немесе тұрақтылық өрнекпен берілуі тиіс. Егер жиымды
сипаттау кезінде оның өлшемі көрсетілмеген болса, онда инициализатор
болуы керек, мұндайда компилятор жадыны инициалдаушы мəндер санына
байланысты бөледі. Кейін жиым өлшемі формалды параметрлер тізімінде
де кездеспеуі мүмкін екендігін көре аламыз («Функцияның параметрлері»
бөлімін қараңыз, 79 б.).
Жиым элементіне қол жеткізу үшін оның атынан кейін тік жақшалар ішінде
элемент нөмірі (индекс) көрсетіледі. Келесі мысалда жиым элементтерінің
қосындысы есептеледі.