Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет15/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

C++ тіліндегі мəліметтер типтері

Мəліметтер типтерінің тұжырымдамасы

Кез келген программаның негізгі мақсаты мəліметтерді өңдеу болып та-

былады. Əр типтегі мəліметтер əртүрлі жолмен өңделеді жəне сақталады. Кез 

келген алгоритмдік тілдегі əрбір тұрақтының, айнымалының, өрнектің немесе 

функциялардың есептеу нəтижелері белгілі бір типке сəйкес келуі керек.

Мəліметтер типі бойынша төмендегілер анықталады:

□  мəліметтердің компьютер жадындағы ішкі бейнесі;

□  осы типтегі шамалар қабылдай алатын мəндер жиыны

□  осы типтегі шамаларға қолдануға болатын операциялар мен функциялар;

Осындай сипаттамаларға байланысты программадағы нақты объектілерді 

бейнелеу үшін қолданылатын əрбір шаманың типі алдын ала таңдалады. 

Типті міндетті түрде сипаттау арқылы компилятор программаның əртүрлі 

конструкцияларының жұмыс істеу мүмкіндігін тексере алады. Мəліметтерді 

өңдеу үшін қолданылатын машиналық командалар шамалардың типтеріне 

байланысты жұмыс атқарады. 

C++ тілінің барлық типтері негізгі жəне құрама болып екіге бөлінеді. C++ 

тілінде бүтін, нақты, символдық жəне тіркестік шамаларды бейнелеу үшін 

алты негізгі мəліметтер типі анықталған. Осы типтерді негізге ала отырып, 

программалаушы құрама типтер сипаттамасын енгізе алады. Оларға жиымдар, 

тізбелер, функциялар, құрылымдар, сілтемелер, нұсқауыштар, біріктірмелер 

жəне кластар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет