. .* ?: :: # ## sizeof
Операцияларды асыра жүктеу арнайы түрдегі əдістер көмегімен (функция-
операциялар) жүзеге асырылады жəне келесі ережелерге бағынады:
□ операцияларды асыра жүктеу кезінде аргументтер саны, операция
басымдықтары жəне стандартты мəлімет типтерінде қолданылатын ас-
социация ережелері (оңнан солға немесе солдан оңға қарай) сақталады;
□ стандартты мəлімет типтері үшін операцияларды қайта анықтауға бол-
майды;
□ функция-операциялардың келісім бойынша берілген аргументтері болуы
мүмкін емес;
□ функция-операциялар мұраланады (= операциясынан басқасы);
□ функция-операциялардың
static
ретінде анықталуы мүмкін емес.
Функция-операцияны үш тəсілмен анықтауға болады: ол класс əдісі, не-
месе кластың достас функциясы, немесе қарапайым функция болуы керек.
Соңғы екі жағдайда функция класс типті, класқа нұсқауыш немесе сілтеме
типті кем дегенде бір аргументті қабылдауы керек
1
.
Функция-операция құрамында
operator
түйінді сөзі, одан кейін қайта
анықталатын операция белгісі орналасады:
Достарыңызбен бөлісу: |