<<
жəне
>>
операциялары барлық құрамдас мəліметтер типтері үшін асыра
жүктелген, осы арқылы шамалар типіне сəйкес автоматты түрде енгізу мен
шығаруды орындауға мүмкіндік туады. Бұл енгізу кезінде символдар тізбегі
шығарып алу белгісінің оң жағында орналасқан шаманың ішкі көрінісіне
түрлендірілетінін, ал шығару кезінде кері түрлендіру орындалатынын
білдіреді, мысалы:
#include
int main(){
int i = 0xD;
double d;
// Енгізу ағымындағы символдар double типіне
// түрлендіріледі:
cin >> d;
// int жəне double символдар тіркесіне
// түрлендіріледі:
cout << i << ' ' << d;
return 0;
}
Осы операциялардың көмегімен əртүрлі типті мəліметтер қалай өңделетінін
қарастырайық.
Сандық мəндерді ондық немесе он алтылық санау жүйесінде (0х
префиксімен) таңбамен немесе таңбасыз енгізуге болады. Нақты сандар
бектілген нүктелі немесе дəрежелі формада берілуі мүмкін. Мысалы, егер
алдыңғы мысал үшін пернетақтадан
1.53е-2
символдар тізбегі енгізілсе, ол
дəрежелі нақты сан ретінде қабылданады да,
double типіне сəйкес келетін ішкі
көрініске түрлендіріледі. Шығару кезінде кері түрлендіру орындалады жəне
экранға төмендегідей символдар шығарылады:
13 0.0153
287
Енгізу буферлендірілген болғандықтан, енгізу буферіне мəліметтерді
орналас тыру келесі жолға көшу пернесін басқаннан кейін орындалады, осы-
дан кейін барып буферде ағымнан шығарып алу операциясы жүзеге асыры-
лады. Бұл енгізілген символдарды
Enter
пернесі басылғанға дейін түзету
мүмкіндігін береді.
Тіркестерді енгізу кезінде мəліметтерді шығару ең жақын орналасқан
босорынға дейін орындалады (оның орнына тіркеске нөл-символ енгізіледі):
Достарыңызбен бөлісу: |