Ағымдар жəне қолданушылар анықтаған типтер
«Кластар» бөлімі
ндегі программаларды (екінші бөлімге арналған
жаттығуларды қараңыз) құрылған кластар үшін асыра жүктелген ағымға
енгізу/шығару операцияларымен толықтырыңыз.
Тіркестер
«Тіркестермен жəне символдармен жұмыс істеуге арналған кітапхана
функциялары» бөліміндегі тапсырмаларды (бірінші бөлімге арналған
жаттығуларды қараңыз)
string
класын қолдану арқылы орындау қажет.
Контейнерлік кластар
«Бірөлшемді жəне екіөлшемді жиымдар»
, «Құрылымдар» жəне
«Мəліметтердің динамикалық құрылымдары» бөлімдеріндегі тапсырмалар-
ды (бірінші бөлімге арналған жаттығуларды қараңыз) кітапхананың сəйкес
контейнерлік кластарын қолдану арқылы орындау қажет.
Алгоритмдер
«Бірөлшемді жиымдар» бөліміндегі тапсырмалард
ы (бірінші бөлімге
арналған жаттығуларды қараңыз) кітапхананың контейнерлік кластарын жəне
алгоритмдерін қолдану арқылы орындау керек.
valarray класы
«Бірөлшемді жиымдар» жəне «Екіөлшемді жиымдар» бөлімдеріндегі тап-
сырмаларды (бірінші бөлімге арналған жаттығуларды қараңыз)
valarray
класын жəне қималарды қолдану арқылы орындау керек.
|