Программалық қоршаулар - дербес компьютер мен жұмыс
істеуші адамның арасындағы іс-эрекеттерді жеңілдететін про-
граммалар. MS DOS үшін әдетте Norton Commander қоршауы, ал
Windows ортасы үшін - Norton Desktop, Norton Navigator, FAR
пайд аланыл ады.
Драйверлер - ОС жүйелерін сыртқы құрылғылармен (прин-
терлермен, дискілермен, пернетақтамен) байланыстыратын про-
граммалар тобы.
Утилиттер - ОС-ны кеңейтіп, қосымша қызмет атқаруға
керекті программалар тобы. Оларға орыс-қазақ әріптерін енгізуді,
антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді
архивтеу (қысу) программаларын жатқызуға болады.
Тест программалары компьютердің жұмыс істеу қабілетін
(диагностика) тексеретін программалар, олар ақауы бар құрыл-
ғыларды анықтап, экранға мәліметтер шығарады.
Программалау жүйелері - программалау тілдері мен транс-
ляторлардан (түрлендіргіш программалар) тұрады, олар арқылы
жүйелік және қолданбалы программалық жабдықтамалар жаса-
лады. Программалау тілдері - ФОРТРАН, ПАСКАЛЬ, БЕЙСИК,
ЛИСП, С, C++, АДА, ПРОЛОГ, ЯВА, т.б. Олар агылшын тіліне
жақын жасанды тілде жазылады да, кейіннен трансляторлар
көмегімен машиналык кодтарга түрлендіріледі. Трансляторлар
интерпретаторларға жэне компиляторларға бөлінеді.
Интерпретаторлар әрбір команданы машина тіліне аудара
салып, бірден орындайтын трансляторлар тобы, олардың артық-
шылығы - тұтынушымен диалог режимінде жұмыс атқарады,
кемшілігі - жұмыс өнімділігі төмен болады.
Компилятор - командаларды орындамай тұрып, машиналык
кодтарга толық аударатын программа. Осының нәтижесінде
объектілік модуль деп аталатын программа жасалады, олардың
бірнешеуін біріктіру арқылы жүктеу модулі жасалып барып, осы
модульді орындау арқылы мәселе (есеп) шешіледі.
Программалық жүйелер жасайтын мықты фирмаларга
Microsoft Corporation жэне Borland International жатады. Microsoft
11 I
фирмасы: Quick Basic, Visual Basic, Microsoft C++ программала-
рын, ал Borland фирмасы — Turbo Basic, Borland C, Turbo Pascal
программалық тілдерін жасап таратуда.
г