14 2.11. Void дерективасы Күрделі әрі көлемді программалар жазу кезінде, программаны функцияларға
– шағын бөліктерге бөлу арқылы жұмысты жеңілдетуге және бастапқы код
көрнекілігін арттыруға болады. Мысалы, ағымдағы бухгалтерлік шоттармен
жұмыс істейтін программа жазу қажет болсын делік. Мұнда кітап
операцияларын орындайтын басты бір функция жазып, шоттарды төлеу ісін
атқаратын тағы бір функция, сонан соң қабылдап алынатын шоттарды
реттейтін функция және баланстық есеп беру жұмысын орындайтын
функциялар қарастырылса, программаны оқу, түсіну жеңіл болар еді. Егер осы
әрекеттерді орындайтын барлық операторлар Main ішінде орналасқан болса,
онда программа өте көлемді болып кетеді және оны түсіну де қиын болар еді.
Оның үстіне, программа көлемі мен күрделілігі артқан сайын, онда қате жіберу
мүмкіндігі де ұлғаяды.
Көбінесе функциялар программаға өз есептеулерінің нәтижесін қайтарады.
Егер функция ешқандай да мән қайтармайтын болса, онда ол функция атының
алдында void түйінді сөзі көрсетілуі қажет. Функция атынан кейін жақша
ішінде оның параметрлері көрсетіледі. Параметр – бұл функцияға өңдеу үшін
берілетін мәлімет. Егер функцияның параметрлері болмаса, онда дөңгелек
жақшалар ішіне void түйінді сөзі жазылады немесе ештеңе көрсетілмейді
Бұның бәрін қарапайым сөзбен айтқанда void() дерективасы main()
Функциясының жеңілдетілген түрі болып табылады, void() дерективасының
арқасында біз main() функциясында бір амалды шығару үшін көптеген код
қолданылған жағдайда, main() функциясымен біз оны жеңіл жаза аламыз.
Бағдарламаны жазу барысында мен код ішінде қалай қолданғанымды
көрсеткім келеді. Мен код барысында void() дерективасын екі рет “Class”
ішінде қолдандым.
Void print() дерективасының көмегімен мен келесіде ақпарат шығару
керек болған жағдайда, әрқайсысын жеке жеке “cout” арқылы ақпарат
шығарып отпас үшін “class” ішінде келесі түрде код жаздым
void printtt() {
cout << "\nИмя: " << name << "\nАдрес: " << addr<< "\nЦена: " << bagasy<<"
тг" << "\nКвадратуру квартиры: " << ploshad << "\nКоличество комнат: " <<
komnaty << "\nЭтаж квартиры: " << kabatt;}
15
0
Осы код арқасында, келесіде main() функциясы ішінде “class”-қа анықтама
берген жағдайда, бір print кодының көмегімен енгізілген деректерді шығару
болатын.