Процессті құру және хабар беру функциясы C/C++/Fortran програмаларынан шақырылады. Негізгі функцияларды қарастырамыз: pvm spawn-процесс тудырады pvm send- белгіленген процесске асинхронды хабар береді. pvmrecv-белгіленген процесстен немесе басқа кез келген процесстен бұғатталған қабылдау pvmnrecv-бұғатталмаған қабылдау pvmmcast-белгіленген процесстерге дерек жіберу. Келесі функцияларды қолданып буферге/буферден буып түйеді/шешеді: pvmpkint- бүтін сандарды (бір немесе одан көп) буып түйеді pvmupkint- бүтін сандарды(бір немее одан көп) шешеді pvm spawn функциясын толығырақ қарастырайық: pvm spawn (char*task, char**argv, int flag, char*where, int ntask,int*tids); task- туындалатын есеп атауы; argv- соңында нольдік символы бар есептер параметрі flag- нұсқалар(0 есептерді қай жерде туындалатынын анықтау PVM-ге беріледі ) where- есептің қайда туындалатынын анықтайды ntask-туындалатын есептердің көшірме саны; tids- туындалатын есептер идентификаторы, int туындалған есептер санын қайтарады. Буып-түюі/шешуімен қатар хабарды жіберу немесе алу үшін буферге келесі функцияларды қолданып орналастыру керек: pvm initsend, pvm mkbuf, pvm setsbuf pvm initsend(int encoding)-хабар беру үшін келісім бойынша ағымдағы буферді инициалдайды; әдетте кодтау үшін PvmdatdDefault-ны қолданады. pvm mkbuf(int encoding)- жіберу үшін жаңа буфер құрады және идентификаторды қайтарады; pvm setsbuf(int bufіd)- буферге жіберіп/алу үшін ағымдағы буферді bufіd атауымен орнатады; pvm send (int tid, intmsgtag) tid- хабар жіберуші идентификаторы; msgtag- осы хабартегі pvmsend топтық нұсқау tid пен идентификацияланған барлық есептерге хабар жібереді. PVM-ге даярлау Pvmspawn () функциясы үшін орындалатын функция белгілі бір каталогта болады.Linux-те есеп $PVM ROOT/bin/$PVM ARCH/ және $HOME/PVM/bin/$PVM ARCH каталогтарынан негізделеді.
PVM ROOT/usr/local/pvm/current жиынтығы.