Программалық қамтаманы тестілеу және верификация


Программалық жабдықтарды құжаттау. Құжаттаудың ортақ жүйесі



бет6/6
Дата17.03.2023
өлшемі451 Kb.
#75048
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15лекциялар

Программалық жабдықтарды құжаттау. Құжаттаудың ортақ жүйесі

  • Программалық жабдықтарды құжаттау оның өмірлік циклындағы маңызды процесстердің бірі болып есептеледі. Программалық жабдықтың құжаттарына баспа түрінде немесе цифрлық түрде дайындалған программаны құрушыға арналған құжаттар, қолданушыға арналған нұсқаулықтар, анықтамалықтар, диалог түріндегі электрондық нұсқаулықтар және т.б. жатады. Қазіргі уақытта программалық жабдықтың құжаттарын қолданылу саласына қарай келесі топтарға бөліп жүр:

архитектуралық – жобалаушы құжаттар, негізінен программаны құрушыларға арналған. Мысалы, архитектура – жобалаушы құжаттарда программисттер деректер құрылымының не себепті класстар түрінде анықталғанын, немесе паттерннің не үшін таңдалғанын, немесе оларды жетілдіру үшін не істеу керек екенін баяндай алады, мұндай мәселелер программалық жабдықтың техникалық құжатына да, қолданушының құжатына да кірмейді;

  • архитектуралық – жобалаушы құжаттар, негізінен программаны құрушыларға арналған. Мысалы, архитектура – жобалаушы құжаттарда программисттер деректер құрылымының не себепті класстар түрінде анықталғанын, немесе паттерннің не үшін таңдалғанын, немесе оларды жетілдіру үшін не істеу керек екенін баяндай алады, мұндай мәселелер программалық жабдықтың техникалық құжатына да, қолданушының құжатына да кірмейді;
  • техникалық құжаттар программада қолданылған алгоритмдерді, қолданушының интерфейстерін, программаның кодын анықтайтын техникалық сипаттағы құжаттар болып табылады. Қазіргі уақытта программалық жабдықтың техникалық құжатын жасаудың автоматтандырылған жүйелері (мысалы, Doxygen, javadoc, NDoc сияқты құжаттандыру генераторлары) қолданылып жүр;

қолданушының құжаттары программалық жабдықты кәсіби қызметтерінде пайдаланатын қолданушыларға арналады. Бұл құжатта программалық жабдықты қалай пайдалану қолданушыға түсінікті түрде дәл және толық берілуі тиіс;

  • қолданушының құжаттары программалық жабдықты кәсіби қызметтерінде пайдаланатын қолданушыларға арналады. Бұл құжатта программалық жабдықты қалай пайдалану қолданушыға түсінікті түрде дәл және толық берілуі тиіс;
  • маркетингтік құжаттар программалық жабдықты нарықта насихаттау үшін жасалады. Мұнда көпшіліктің назарын аударатын реклама түріндегі материалдар, программалық жабдықтың артықшылықтары және т.б деректер қамтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет