"Прокариотты",Көк-жасыл балдырлар бөлімі. "Эукариотты балдырлар"



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата26.01.2023
өлшемі38,21 Mb.
#63141
1   2   3
Көк – жасыл
балдырлар
Клетка құрылысы –бұлар негізінен колониялы және
көп клеткалы, сиректеу бір клеткалы, түсі алуан түрлі
(көк-жасыл, сарғыш, жасыл). Олардың түсі клеткада
әртүрлі мөлшерде болатын әртүрлі пигменттердің
көк – жасыл түсті фикоцианның, хлорофиллдың,
каротиноидтардың және қызыл түсті фикоцианның,
хлорофилдің, каротиноидтардың және қызыл түсті
фикоэритриннің орайласып келуімен тікелей
байланысты. 
Көк – жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған
өсімдіктер түрлерінің жалпы саны 14 мың.


 Көк-жасыл балдырлардың клеткаларында
қалыптасқан ядросы, хромотофорасы және
клетка шырынына толы вакуольдері болмайды. 
Клетка қабықшасы негізінен пектинді заттардан тұрады : клетка қуысы
цитоплазмамен толтырылған, ол екі қабаттан тұрады : қатты клетка
қабықшасына жақын жатқан,мембраналар мен пигменттерден тұратын
көк-жасыл түске боялған қабат хроматоплазмадан және ДНК – Дан
тұратын, түссіз ортаңғы бөлік центроплазмадан тұрады.
Көп жағдайда бір клеткалы және жіп тәрізді көк-жасыл
балдырлар өз бойынан шырышты заттар бөліп шығарады
және бірігіп біршама үлкен колония түзеді.


Қоректенуі
Көк –жасыл балдырлар автотрофты жолмен
қоректенеді. Кейбір жағдайларда олардың көпшілігі
шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір
сүруіне байланысты миксотрофты (аралас)
қоректенуге қабілетті болып келеді. 
Яғни фотосинтезбен бірге, органикалық
заттарды өз бойына сіңіре алады. Артық
қор заттары ретінде гликопротеид,
валютин (белок) немесе көк-жасыл
балдырларға тән цианофицин
(лапопротеид) түзеді.
01
02


Көк-жасыл балдырлар үш
класқа бөлінеді 
хрококкалар
хамесифондылар
гормогиялылар 
Хрококкалар класына (Chroococcophyceal),
глеокапса, (Coleocapsa) микроцистис
(Mierocystis), мерисмопедия (Merismopedia),
хамесифондылар (Chamesiphonophycal),
демокарпа (Democarpa), паширенема
(Pasherinema)
Гармониялар класына (Hormoqonophyceal),
— осцилатория (Oscillatoria), спирулина
(Spirulina), Лингвия (Lynqlya), анабенка
(Anabena), носток (Nostoc), толипотрикс
(Tolipotrix), ривулярия (Rivularia), глеотрикия
(Gloetrichia).


Көк – жасыл балдырлар өте
өзгергіш, сыртқы ортаның
қолайсыз жағдайына тез
бейімделеді. Олар тұщы және
теңіз суларында, топырақ
беттерінде, тастарда, бұлақтар
суларында өмір
сүреді.Ластанған суларда
планктон түрінде судың көкшіл
түске боялуына (цветение)
әкеліп соқтырады.


Көкжасыл балдырдың көбеюі
Көк – жасыл балдырлар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалы организмдер
клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің ал көп клеткалыларының жіпше-
гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге
асады. Жіпшенің вегетативні көбеюге қажетті участогі гармогония деп аталынады.
Арнайы маманданған көбею органдары болмайды. Жыныстық
көбею жоқ. Қолайсыз жағдайларда клеткалардан қабықшалары
қалың споралар түзіледі.


Эукариоттар (грек. еu – жақсы,
толығымен және karyon – ядро) 
Құрамында ядросы бар организмдер.
Эукариоттарға барлық жоғары
сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер,
сондай-ақ бір немесе көп жасушалы
балдырлар, саңырауқұлақтар және
қарапайымдар жатады. Эукариоттар
жасушалары прокариоттармен
салыстырғанда күрделі келеді. 


 Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен
жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. 
Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне
тәуелсіз әр түрлі химиялық реакциялар
жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен
түрлі органеллалар (митохондрия,
рибосома, Гольджи кешені) қызметтері
жақсы жіктеледі. Клетка ядросы,
митохондриялар, пластидтер
цитоплазмадан екі қабат мембрана
арқылы шектеледі.
Эндомембраналық жүйе
және оның компоненттері


Ядрода жасушаның генетикалық материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан
заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн
сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органикалық заттардың
химиялық энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар,
ақуыздар, т.б. органикалық қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. 
Эукариоттар жасушалары
цитоплазмасының мембраналық
жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи
кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз
ететін макромолекулаларды түзіп,
жинақтайды. Эукариоттар жасушалары
митоз жолымен бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет