Түсіну
1-тапсырма
Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты оқиға сюжетін баяндаңыз?
Қара тауар
|
|
Эсперанс
|
|
Араққа әбден масайған
|
|
Оқшантай
|
|
Түйме, түйрегіш, сіріңке
|
|
Тілмаш француз
|
|
Мың экю
|
|
Компас
|
|
Палуба
|
|
Ағылшын фрегаты
|
|
Дескриптор:_1._Новелланы_оқиды_2._Берілген_тірек_сөздер_мен_сөз_тіркестеріне_қатысты_оқиғаны_баяндайды_2-_тапсырма'>Дескриптор:
1. Новелланы оқиды
2. Берілген тірек сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты оқиғаны баяндайды
2- тапсырма
Новелла үзіндісі мен оқырманның ойын «Т» кестесі арқылы түсіндіру.
Новелладан үзінді
|
Оқырман ойы
|
|
|
Дескриптор:
Новелла мазмұнын түсінеді
Новелладағы әсері үзіндіні түсінеді
Өз ойын білдіреді
Қолдану:
1-тапсырма
Новелланы рөлдерге бөліп оқыңдар. Мысалы:
-Ананы сатып аласың, әйтпесе мен оны өлтіремін, бір стақан арақ, әйтпесе атамын,- деді ол ақ нәсілге.
-Шайтан соққыр-ау, мен оны қайтемін?- деді Леду. Таманго шүріппені басып қалды, күң сорлы жерге құлап түсті.
-Енді екіншісін!- деді қышқырып Таманго өлмелі шалға мылтығын кезеп. –Бір стақан арақ, әйтпесе...
Тамангоның бір әйелі оның қолын қағып қалды да, оқ жанай өтті. Күйеуі өлтіргісі келген шалдың, бір кезде бұған «сен патшайым боласың әлі»,- деп сәуегейлік айтқан гириотяки дуақант екенін Тамангоның әйелі білген еді.
Арақ қызуынан құтырынып алған Таманго, өз өміріне әлдекімнің қарсы шыққанын көріп, ақылынан адасып қалды. Ол оспадар мінез танытып, мылтықтың дүмімен әйелін бір қойып қалды да, Ледуге қарап:
-Мына әйелді саған сыйладым ала кет!- деді дауыстап.
Ол сұлу әйел-тұғын. Леду күлімсіреп, оны көзімен бір шолып шықты да, сосын келіп қолынан ұстады.
-Мұны жайластырып орын табамын, -деді ол.
Дескриптор:
Новелланы оқиды
Рөлдік оқуға үзіндіні таңдап алады
Рөлдер таңдалғаннан кейін, студенттер топ ішінде олардың басты ерекшеліктерін айқындап, қандай позиция ұстанып, рөлдерді қалай ойнау керектігін талқылайды.
Рөлдік көрініс көрсетеді
2-тапсырма
Проспер Мерименің «Таманго» новелласындағы кейіпкерлер мен персонаждар туралы пікірлеріңізді «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы білдіріңіздер
Достарыңызбен бөлісу: |