Байланысты: Протопласттарды бөліп алу және культураға ендіру әдістемесі
ПротопластардыIn vitro өсіру Протопластарды In vitro түрлі тәсілдермен өсіруге болады.Өсіру тәсілі тәжірибенің мақсатына байланысты.Алдымен протопластардың қоректік ортада шайқап жуып ферменттерден тазартады.Содан соң олардың 1 мл ортадағы санын есептеп алады.Жасайтын тәжірибеге сәйкес олардың тығыздығын керек көрсеткішке жеткізеді.Ол үшін протопластарды әртүрлі көлемі бар ортаға салады.
Ал,керісінше,протопластардың тығыздығын азайту үшін оларды қоректік орта мол құйылған ыдысқа көшіреді.Сөйтіп,протопластардың 1 мл ортадағы санын оқтын-оқтын есептеу арқылы олардың тығыздығын жасайтын тәжірибеге сайма-сай келтіреді.
Протопластарды сұйық ортада өсіргенде клеткаларды өсірген сияқты олардың тығыздығы жоғары болуы керек.Көбінесе бұл көрсеткіш 1-мл 104---105клетка болады.Егер қоректік орта сұйықталып,протопластар саны бұдан аз болса,лнда олар жөнді өсе алмайды.Өте сұйық суспензияда протопластардың ішіндегі тіршілікке қажетті кейбір метоболиттер плазмолемма арқылы ортаға шығып кететін көрінеді.Сондықтан протопластардың тіршілік қабылеті едәуір кемиді.Осының дәлелі ретінде мынадай мысал келтіруге болады.Әдетте ісік ұлпалардан алынған клеткаларды суспензияда өсіргенде қоректік ортаға ауксин мен цитокинин гормондарын қоспайды.Өйткені бұл гормондар осындай ісік клеткаларының өздерінде түзіледі.Сұйық ортада өсіргенде клетка қабығы ол гормондардың клеьканың ішінен сыртына шығуын бөгейді де ,ондай эндогендік метоболиттерді клетканың өзіде пайдалана алады.Ал ісік клеткалардан бөліп алынған протопластарды суспензияда өсіру үшін қоректік ортаға міндетті түрде экзогендік ауксин мен цитокининді қосу керек.Себебі,жоғарыда айтылғанын-дай,олардың өз эндогендік гормондары клетканың қабығы болмағандықтан плазмолеммадан шығып кетеді.
Протопластардың өсуіне жақсы жағдай жасау үшін «Қоректік қабат» әдісін пайдаланады немесе байытылған ортаны қолданады,болмаса олар өсіп жатқан ортаның көлемін минимумға дейін азайтады. «Астыңғы қоректік қабат» ретінде рентген немесе гамма сәулелері әсер ететін протопластар мен клеткалар пайдаланылады.Сол әсерден ондай клеткалар бөліну қабылетінен айыры-лады,бірақ басқа клеткалардың өсуіне жағдай туғызады.Осы әдістің тағы бір түрі,ол нашар өсетін протопластарды жақсы өсетін протопластармен бірге өсіру.Байытылған орталар өсімдіктердің шамалы түрлері үшін ғана оң әсерін тигізеді.
Протопластарды өсірудің кең таралған әдісі,оларды жоғары ылғалдылықта көлемі 20-40 мкм тамшыларда өсіру.Петри табақшасының қақпағында немесе түбіндегі кішкене тамшыларға протопластар автоматтық пипеткамен салы-нады.Протопластарды өсіру үшін бұл әдістің тиімділігі-материалдар мен уақытты үнемдеп,қоректік ортаның мыңдағын вариантарын тексеруге мүмкіншілік береді.Бірақ бұл әдістің де кемшілігі бар,ол протопластардың тамшының ортасына жыиылуы.