Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 154-қосымша
Психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған бастауыш білім беру
деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу
бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес
және психикалық дамуы тежелген оқушылардың оқытуда талап ететін ерекше
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрастырылды.
2. Бастауыш сыныптардағы (0, 1-4-сыныптар) математика пәні –
«Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні. Оны игеруде 1000000-
ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар,
алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру
үшін құрылған.
3. Оқыту мақсаты –ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде
тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге
бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету;
көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі
орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз
жасау.
4. Оқытудың міндеттеріне:
1) балалардың оқуға деген жалпы қабілетін қалыптастыру, мектепке
дейінгі дамуы және оқуының жетіспеушілігін толықтыру;
2) тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша,
сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді
функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық
ойлауын дамыту;
3) бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау,
жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін
(талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі
бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
4) оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға
қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік
дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты
дайындықты жүргізу;
5) оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен
қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару
дағдысын қалыптастыру;
6) баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік,
мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
7) қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге
қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді,
патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан
этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына
құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған
құндылықтарға қатыстыру кіреді.
5. «Математика» пәні бойынша ҚР БжҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №
500 бекітілген психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының
Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі: 0 сыныпта – аптасына 4
сағат, барлығы – 132 сағат, 1-сыныпта: аптасына 4 сағат, барлығы 132 сағат, 2-
сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3-сыныпта: аптасына 5 сағат,
барлығы 170 сағат, 4-сыныпта: аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат.
6. Математиканы оқыту процесінде пәнаралық байланыс:
1) ана тілі пәнімен. Математикалық мазмұны бар тұжырымдарды,
сөйлемдерді, қорытындылар мен жалпылауларды құру кезінде тілінің
ережелерін қолдану, оқулықпен, дидактикалық материалдармен және т.б.
жұмыс жасау кезінде оқушының оқу дағдысы мен сапасының қалыптасқан
деңгейін ескеру;
2) «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» түзету курсымен. Сан және
көлем туралы түсініктерді қалыптастырудың негізі ретінде қоршаған ортадағы
заттардың қасиеті және сапасы туралы білімдерін қолдану;
3) дүниетану пәнімен. Математикалық мазмұны бар тапсырмаларды
орындау барысында қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімдерін
қолдану;
4) еңбекке баулу пәнімен. Математикадан жазбаша жұмыстарды орындау
кезінде қол бармақтарының ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейін ескеру;
5) бейнелеу өнері пәнімен. Қағаз бетінде бейнелеу біліктігін қолдану,
қағаз бетінде (жазықтықта) және кеңістікте заттардың орналасуын қабылдай
білу біліктігін қолдану;
6) дене шынықтыру пәнімен. Кеңістікте бейімделу (солға, оңға және т.б
сөздердің мағынасын түсіну) біліктігін қолдану арқылы жүргізіледі.
2.
Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны
7. Санға дейінгі түсініктерді анықтау, нақтылау, қалыптастыру (36 сағат):
1) мөлшер түсінігі: ұзын – қысқа (ұзынырақ - қысқарақ, ұзындығы
бірдей), кең - тар (кеңірек – тарлау, кеңдігі бердей), биік - аласа (биігірек- аласа,
биіктігі бірдей), жуан - жіңішке (жуанырақ – жіңішкерек, жуандығы бірдей),
терең – таяз, тереңдігі бірдей), үлкен – кіші (үлкенірек – кішірек, көлемі
бердей). Екі затты көлемі бойынша салыстыру тәсілдері: үстіне, қасына қойып,
көру арқылы салыстыру;
2) көлемнің нақты белгісі бойынша бірнеше затты топтастыру (бөлу)
және реттеу (жіктеу). Көлемі бойынша бір заттың басқа заттан қаншалықты
айырмашылығы бар екенін анықтау (көрсету). Көлемдік сипатына қарай
заттарды теңестіру. Сөздер: барлығы, әрқайсысы, қалғандары, қалдығы,
басқалары, бірдейлері;
3) салмақ түсінігі: ауыр – жеңіл (ауырлау – жеңілдеу, салмағы бірдей). Екі
заттың салмағын қолмен немесе таразының көмегімен салыстыру. Заттарды
салмағы бойынша топтастырып және реттеу;
4) сандық түсініктер: қанша? Көп, аз, бір, көп емес, бірнеше, бір де біреу
емес, сондай (сонша, қанша), теңдей, бірдей. Екі топтағы заттардың бірдей
өзара сәйкестігін орнату (жұптап салыстыру). Сөздер: артық, жетіспейді, аз –
көп, бос. Көпті теңестірудің екі жолы. Сұйық және төгілетін заттардың санын
салыстыру;
5) түрлі тәжірибелік әрекеттердің көмегімен заттардың және
сұйықтықтың, төгілмелі заттардың санының (көбейтіп, азайту) өзгеруі (қайта
төгу, қайта құю, қосу, кесу және т.б) өзгеруі. Қосу және алудың нақты
мағынасын ашатын сөздерді түсіну және пайдалану: қостық, алдық, алып
тастадық, құйдық, төктік, құттықтадық және т.с., және келесі сөздер: болған,
болады, болды, бірге, барлығы, қалды;
6) өз денесінің бөлшектерінде бағдарлау: жоғырыда – бас, мойын, төс;
төменде – аяқтар; алдыда – бет, кеуде, іш; артта – желке, арқа; оң – сол қол, аяқ,
көз, құлақ, бет. Баланың өзінен алғанда қоршаған ортада бағдарлау: жоғарыда –
төменде, алдында – артында, алыс – жақын, оң жақта – сол жақта, қасында,
жанында, осында, анау жақта, алдыда, артында;
7) берілген бағытта баланың қозғалуы. Қозғалу бағытын анықтау: алға,
артқа, жоғарыға, төмен, оңға, солға, шетке;
8) екі, үш заттың бір бірінен орналасуын анықтау: жоғары – төмен,
қасында, жанында, үстінде, ішінде, артында, алдында, артында, астында,
қарсыда, арасында, ортасында;
9) қағаз бетінде бағдарлау: жоғарғы – төменгі шеті, оң – сол шеті, сол
жақтағы жоғарғы (төменгі) бұрыш, сол жақтағы жоғарғы (төменгі) бұрыш,
ортасында, дәл ортасында, үстінде, астында, оң жағында, сол жағында,
арасында;
10) кезеңділік тәртіп қатынасы: шеткі, бірінші, соңғы, алдында, артында,
кейін, артынан, артынан, келесі, алдыңғы, арасында. Заттарды қатарға
орналастыру;
11) тәулік бөліктері: таң, күн, кеш, түн. Бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні,
келесі күні; ерте – кеш, ертерек – кешірек, кешікті, бұрын, жақында; баяу –
жылдам, кәрі – жас, үлкенірек – жасырақ. Апта күндері;
12) заттардың түрлері. Текше, шар, шеңбер, доғал, төртбұрыш,
тіктөрбұрыш, үшбұрыш;
13) сызылмаған қағазда сызба жұмыстарын орындау: сызба суретті
бастыру, тірек нүктелері бойынша, дайын үлгілерді және трафареттерді
бастыру, сызу арқылы бояу, бояу, басталған суретті салу және т.б.
8. 1 ден 10 дейінгі сандар және 0 саны (40 сағат):
1) 1 ден 10 дейінгі сандар сызу ұзындығын, сұйықтықты және төгілмелі
заттарды өлшеу және есептеу нәтижесі ретінде;
2) бірінші ондық сандарының алдыңғы санға 1 қосу, санағанда арттағы
саннан 1 алу арқылы жасалуы;
3) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 сандары. Саны, сан есімі және цифрдың
сәйкестігі;
4) заттарды сандық және реттік санау (берілген саннан тік және кері
санау). Дыбыстарды, қимылдарды, заттарды сезу арқылы санау;
5) көпті өзара біркелкі сәйкестік орнату тәсілімен салыстыру (жұппен
салыстыру), сандарды салыстыру. Артық, кем заттар, бірліктер;
6) сандар қатарындағы санның орны. Сандық қатардың негізгі қасиеті;
7) басқа екі аз саннан заттық-тәжірибелік әрекеттердегі 2-10 сандарының
құрамы;
8) баға өлшемі: теңге. Тиындар: 1 тг., 5 тг., 10 тг. Тиындарды майдалау
және ауыстыру.
9. 10 көлемінде қосу және алу. 10 көлемінде қосу және алу. Есеп
құрылымы (44 сағат):
1) қосу және азайту әрекеттерінің аталуы және нақты мәні. + (қосу), -
(алу), = (тең) белгілері;
2) заттық-тәжірибелік әрекет ізімен мысалдарды құрастыру (цифрлар
және белгілер кассасының көмегімен) және оқу;
3) қосудың орын алмасу қасиетімен практикалық түрде танысу. Заттық
әрекетте қосу және алудың арақатынасы;
4) алу амалдары: қайталап санау; 1 ден қосу және алу; санның құрамын
білуге негізделген тәсіл;
5) ашық және жабық нәтижелі көрсетілетін-есептер, суреттеме-есептер;
6) қосындыны және қалдықты табуға арналған қарапайым мәтінді
есептер. Есептің құрылымдық элементтері: шарты, сұрағы, сандары, есепті
шығару, жауабы. Цифрлер және белгілерден есепті шығаруды көрсету;
7) нүкте, тік сызба, қисық сызу. Сызықты жіп, сымтемір, қағаз және т.б
материалдардан жасау. Тік сызықтың қасиетін практикалық үйрену. Түзу
сызықты сызғыштың көмегімен сызылмаған қағазда түрлі бағытта (тік,
көлденең, қиғаш) құру;
8) шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, доғал. Сызбаны
бастыру, бояу, сызба бояу, таяқшалардан, сымтемірден жасау.
10. Қайталау (12 сағат).
3. Оқу пәнінің 1 - сыныптағы базалық білім мазмұны
11. Дайындық кезеңі (14 сағат):
1) заттарды мөлшері бойынша салыстыру: көп, аз. Ұзындығы бойынша
салыстыру: ұзын (ұзындығы бойынша артық). Қысқа (ұзындығы бойынша кем);
кеңдігі бойынша. Кеңірек, тарлау; жуандығы бойынша. Жуанырақ, жіңішкерек;
биіктігі бойынша. Биігірек, аласа; ауырлығы бойынша. Ауыр (массасы
бойынша артық. Жеңіл (массасы бойынша кем); сыйымдылығы бойынша
салыстыру. Көбірек (азырақ) сыйдырады; бағасы бойынша салыстыру. Қымбат
(бағасы бойынша артық). Арзан (бағасы бойынша кем); ауданы бойынша
салыстыру. ауданы бойынша артық (кем); бірнеше заттың мөлшерін салыстыру
арқылы топтастыру және реттеу; бірден онға дейінгі сандар тізбегі. Кері тізбек
(оннан бірге дейінгі тізбек);
2) заттарды саны бойынша салыстыру: көп, аз, сондай, теңдей, көп емес,
бірнеше, бір де біреу емес; заттардың тобын теңестіру; заттардың санын
өзгертуге алып келетін әрекеттер;
3) сөздердің кезеңділігі –бірден онға дейінгі сандардың. Кері кезеңділік
(оннан бірге дейін);
4) заттарды санау. Есептік санау. Реттік санау. Артық, кем, сонша. Тура
және кері санау;
5) заттардың кеңістікте орналасуы (оң жақта, сол жақта, жоғарыда,
төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында). Қозғалыс бағыты (бір-
біріне қарама-қарсы, бір бағытта, қарама-қарсы бағытта);
6) қозғалысты жылдамдық бойынша салыстыру. Жылдам (жылдамдық
бойынша артық). Баяу (жылдамдық бойынша кем);
7) заттардың пішіні. Геометриялық фигуралар. Нүкте, сызық (түзу,
қисық), доғал, сәуле, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, текше, шар.
Заттарды пішіні, түсі және өлшемі бойынша салыстыру;
8) уақыт бойынша салыстыру (ерте, кеш). Үлкен (жасы бойынша үлкен).
Кіші (жасы бойынша кіші);
9) уақытта бағдарлау: кеше, бүгін, ертең, таң, кеш, күн, түн, апта күндері.
12. 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Нүкте, қисық, түзу, кесінді, сынған кесінді.
1 см дәлдікке дейінгі кесіндінің ұзындығын табу (29 сағат):
1) 1-ден 9-ға дейінгі атау. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандар қатары. Көп
заттарды пайдалану арқылы, сандар қатарындағы орнына байланысты сандарды
салыстыру;
2) алдыңғы санға 1-ді қосу, санау барысында келесі сан болатын саннан 1-
ді азайту арқылы санды алу;
3) қосу. «+» белгісі. 2 + 1 түріндегі жазудың оқылуы:«екі қосу бір», «екіге
1-ді қосу», «екіні бірге арттыру», «екі мен бірдің қосындысы»;
4) азайту. «–» белгісі. 2 – 1 түріндегі жазудың оқылуы: «екі минус бір»,
«екіден 1-ді азайту», «екіні бірге кеміту», «екі мен бірдің айырымы»;
5) қосу мен азайтудың тәсілдері:
± 1, 2 түрінде бір-бірден, екі-екіден
қосу және азайту,сандық қатарды қолдану;
6) санау нәтижесі мен сандарды салыстыру (соның ішінде есептеудің
көмегімен есептің сұрағына жауап табу кезінде);
7) әртүрлі өлшеулер арқылы заттардың ұзындығын өлшеу. Заттың
ұзындығы өлшеу нәтижесі мен санын салыстыру;
8) 0 саны. 0 санын алу және белгілеу. 0-ден 10-ға дейінгі сандарды жазу;
9) теңдік. Тура және тура емес теңдіктер мен тексіздіктер;
10) кесінді. Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Ұзындық бірлігі – сантиметр (1
см); Бөліктері бар сызғыш;
11) кесіндіні салу. Үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш.
13. 10 –ға дейін қосу мен азайту. Есептің құрылымы. Теңдік. Теңсіздік (61
сағат):
1) қосу. Қосынды. Қосылғыш. Қосындының мәні;
2) сандық өрнек;
3) азайту. Айырма. Азайғыш. Азайтқыш. Айырманың мәні;
4) қосу мен азайтудың компоненттерінің арасындағы байланыс;
5) өзара кері амалдар;
6) қосу мен азайтудың тәсілдері: 1 қосу және алу; сандардың құрылымын
білу негізінде қосу және алу; қосудың ауыстырымдылық қасиеті бойынша қосу;
сәйкес қосу жағдайларын білу негізінде азайту;
7) 10 дейінгі қосу кестесі және азайтудың сәйкес жағдайлары;
8) 0 санымен қосу мен азайтуды орындау;
9) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының құрамы.1 тг., 2 тг., 5 тг., 10 тг.;
10) сызғыштың көмегімен берілген нүктелер арқылы көпбұрыш құру;
11) есептің құрамы. Шарты және сұрағы. Есептің шешуі және жауабы.
Қосындыны және қалдықты табуға, бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге)
арналған есептер.
14. 10 нан 20 дейінгі сандар (24 сағат):
1) екінші ондықтың сандарын оқу және жазу;
2) бір таңбалы және екі таңбалы сандар;
3) екітаңбалы сандардың бірлік және ондық разрядтары;
4) екітаңбалы санды разрядты қосынды түрінде жазу;
5) екітаңбалы сандардың құрылымын және сандық ретті білу негізінде
қосу және алу тәсілдері: 10+5, 5+10, 15-10, 15-5, 15+1, 16-1;
6) сағат бойынша уақытты 1 сағатқа дейін дәлдікпен айту;
7) жыл айлары тәртібін анықтау;
8) көпбұрышты тану, оның элементтерін атау: бұрыш, шыңы, жақтары;
9) ұзындық бірлігі – дециметр (1 дм). 1 дм = 10 см.
15. Қайталау (4 сағат).
4. Оқу пәнінің 2 – сыныптағы базалық білім мазмұны
16. Қайталау (8 сағат):
1) 1 ден 20 дейінгі сандарды ауызша және жазбаша белгілеу. Сандар
қатарының негізгі қасиеті. Біртаңбалы сандардың құрамы. Екітаңбалы
сандардың ондық құрамы. Айырымдылық сан;
2) 10 көлемінде қосу және алу. 20 көлемінде қосу және алу түрі: 10+3, 13-3,
13-10, 13+1, 14-1;
3) есептерді шығару.
17. Біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу. Санды өрнек. Сынық
сызық және оның ұзындығы (42 сағат):
1) біртаңбалы сандарды қосу, санды екі біртаңбалы сандардың
қосындысы түріне келтіру білімдеріне негізделген;
2)
+ 2,
+ 3,
+ 4,
+ 5,
+ 6,
+ 7,
+ 8,
+ 9 түріндегі
біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі;
3) қосу мен азайту – өзара кері амалдар;
4) 11–
,12 –
,13 –
, 14 –
, 15 –
, 16 –
, 17 –
, 18 –
түріндегі
азайту;
5) 20 көлеміндегі қосу мен азайту;
6) санды өрнек және оның мәні. Мәндері бойынша санды өрнектерді
салыстыру;
7) жақша. Жақшасы бар және жақшасыз берілген санды өрнектерде қосу
және азайту амалдарын орындау реті;
8) сантиметр және дециметр арасындағы қатынас;
9) ұзындығы 1 см дәлдікпен алынған кесіндіні салу. Сынық сызық;
10) сынық сызықтың ұзындығы;
11) көпбұрыш;
12) белгісіз қосылғышты, азайғыш пен азайғышты табуға берілген
есептер. Айырымдылық салыстыруға берілген есептер;
13) екі амалға берілген есептер – екі қосылғыштың қосындысын табуға
берілген құрама есептер;
14) кері есептер. Өзара кері есептер.
18. Толық ондықтар. Жүз (10 сағат):
1) есептеудің жаңа бірлігі – ондық, оның құрылуы;
2) ондықтармен санау. Ондықтардың аталуы, олардың реті, оқылуы және
жазылуы;
3) ондықтарды салыстыру;
4) ондықтарды және сәйкес мөлшерлерді (ұзындықты) қосу және алу;
5) 20 тг., 50 тг., 100 тг. тиындар (жиынтығы және айырбастау).
19. 20 дан 100 дейінгі сандар (40 сағат);
1) 100 көлеміндегі сандарды оқу, жазу және салыстыру;
2) сандағы цифрдың орны. Санның ондық құрамы. Сандарды салыстыру.
Тура және кері санау, берілген саннан санға дейін санау, топпен санау;
3) санның ондық құрамы негізінде қосу және азайту. 14 + 3, 17 – 3
түріндегі қосу мен азайту. 20 + 18, 38 – 20 түріндегі қосу мен азайту. 36 + 21, 57
– 21 түріндегі қосу мен азайту. 37 + 3, 40 – 3 түріндегі қосу мен азайту. 36 + 24,
60 – 36 түріндегі қосу мен азайту. 27 + 8, 35 – 8 түріндегі қосу мен азайту;
4) қосудың терімділік қасиеті. Қосындыдан санды және саннан
қосындыны азайту;
5) салмақ. Салмақ бірлігі – килограмм (1 кг);
6) ұзындық. Ұзындық бірлігі – метр (1 м). Сыйымдылық. Сыйымдылық
бірлігі – литр (1 л);
7) уақыт аралығы. Уақыт бірліктері – минут (1 мин), секунд (1 с), тәулік
(1 тәулік), апта, ай, жыл, ғасыр. Ұзындық бірліктері мен уақыт бірліктерінің
арасындағы қатынастар;
8) шамалар. Баға, мөлшер, құн;
9)
тікбұрыш.
Сүйір
және
доғал
бұрыштар.
Тіктөртбұрыш.
Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары және олардың қасиеттері;
10) шаршы. Торкөз қағазға тіктөртбұрыш пен шаршыны салу;
11) көпбұрыштың периметрі;
12) әріптік белгілеу. Бір әріптік таңба белгісі;
13) теңдеу. 12+х=12, 25-х=25, х-2=8 түріндегі теңдеулерді таңдау арқылы,
қосу және азайтудың белгісіз компоненттерін табу ережесінің негізінде шешу;
14) қалдықты табуға берілген құрама есеп. Азайғышты (азайтқышты)
табуға арналған құрама есептер;
15) ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26 + 42, 68 – 42 түріндегі
жазбаша қосу мен азайту. 43 + 28, 71 – 43 түріндегі жазбаша қосу мен азайту.
26 + 34, 60 – 26 түріндегі жазбаша қосу мен азайту;
16) қосу және азайту амалдарын тексеру. Есептеудің ауызша және
жазбаша тәсілдерін салыстыру;
17) теңдеудің көмегімен есептерді шығару.
20. Көбейту және бөлу. Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі (28
сағат):
1) көбейту және бөлу амалдарының нақты мәні. Амалдардың таңбалары;
2) көбейту. Көбейткіштер. Көбейтінді. Көбейтіндінің мәні;
3) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Көбейтудің компоненттерінің
арасындағы байланыс;
4) бөлу. Бөлінгіш. Бөлгіш. Бөлінді. Бөліндінің мәні;
5) көбейту мен бөлудің байланысы. Көбейту мен бөлу – өзара кері
амалдар;
6) 2, 3, 4 сандарына көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары;
7) тіктөртбұрыш және шаршының периметрі;
8) қосу, азайту, көбейту және бөлуге бір-екі амал орындауға берілген
есептер (бірдей бөліктерге және мағынасы жағынан бірдей есептер);
9) есептердің шешулерін әртүрлі тәсілдермен (амалдармен арқылы жазу,
өрнек құру және оның мәнін табу арқылы) жазу;
10) екі-үш амалдан туратын амалдарды шешу (жақшамен және жақшасыз);
11) тіктөртбұрыштың (төртбұрыштың) периметрі.
21. Қайталау (8 сағат).
5. Оқу пәнінің 3 – сыныптағы базалық білім мазмұны
22. Қайталау (12 сағат):
1) 20-ға дейін қосу және азайту кестесі;
2) 100-ге дейін сандарды ондықтан аттап ауызша және жазбаша қосу мен
азайту;
3) 2, 3, 4 сандарына көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары;
4) шама (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық). Шамалар бірліктері
арасындағы қатынастар;
5) теңдеу. Өрнек. Санды және әріпті өрнектер;
6) теңдік. Теңсіздік;
7) құрама есептер және оларды шығару тәсілдері;
8) геометриялық фигуралар. Периметр.
23. Көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары. Геометриялық
фигураның ауданы. Әріпті өрнек. Теңдеу (45 сағат):
1) 5, 6, 7, 8, 9 сандарының көбейту кестесі;
2) бөлудің сәйкес жағдайлары. Көбейту және бөлу амалдарын тексеру;
3) көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табу ережелері;
4) сандарды 0 санына және 1 санына көбейту;
5) нөл санын натурал санға бөлу. Сандарды 1 санына бөлу. Санды 0
санына бөлуге болмайтындығы;
6) тең бөліктерге бөлу. Санның және шаманың бөліктері. Санның үлесін
(бөлігін) және үлесі (бөлігі) бойынша санды табу;
7) көбейту және бөлу амалдары бар теңдеулерді шығару;
8) сандық өрнектер. Әріпті өрнектер;
9) жақша бар және жақшасы болмайтын 2-3 амалдардан тұратын санды
өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау реті;
10) белгісіз көбейткішті, бөлінді мен бөлгішті табуға, бірнеше рет ұлғайту
мен кішірейтуге, еселік салыстыруға берілген есептер;
11) тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табу тәсілдері.
Геометриялық фигуралардың ауданын «көзбен» және беттестіру арқылы
салыстыру;
12) ауданды өлшеу. Палетка. Аудан бірліктері:1 м
2
, 1 дм
2
, 1 см
2
;
13) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы;
14) геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу;
15) уақыт өлшемдері: жыл, ай, тәулік. Олардың араларындағы сәйкестік.
Шеңбер. Ортасы, радиусы, диаметрі.
24. 100 саны көлемінде ауызша көбейту және бөлу амалдары (30 сағат):
1) көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік
қасиеттері. Көбейтудің қасиеттерін қолдану;
2) қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу;
3) екітаңбалы санды разрядты қосындыларға бөлу, ыңғайлы
қосындыларға бөлу көмегімен біртаңбалы санға бөлу және көбейту;
4) екітаңбалы санды таңдау әдісімен екітаңбалы санға бөлу;
5) қалдықпен бөлу. Көбейтуді және бөлуді тексеру.
25. 1000-ға дейінгі сандар (14 сағат):
1) жүздік. Жүздіктермен санау;
2) үштаңбалы сан және оның ондық құрамы; 1000 көлеміндегі сандарды
оқу және жазу; үштаңбалы сандарды салыстыру;
3) 600 + 300, 900 – 300 (6 жүзд. + 3 жүзд., 9 жүзд. – 3 жүзд.) түріндегі
үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;
4) 440 + 50, 750 – 90 (44 онд. + 5 онд., 75 онд. – 9 онд.) түріндегі
үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;
5) 120 + 780, 900 – 120 (12 онд. + 78 онд., 90 онд. – 12 онд.) түріндегі
үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;
6) санның ондық құрамы негізінде үштаңбалы сандарды қосу және
азайтудың ауызша тәсілдері;
7) санды бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге) арналған құрама есептер;
8) айырымдылық салыстыруға арналған есептер.;
9) ұзындық бірлігі – километр (1 км). Масса бірліктері – грамм (1 г),
центнер (1 ц), тонна (1 т);
10) салмақ бірлігі – грамм (1 г), центнер (1 ц), тонна (1 т). Салмақ
бірліктері арасындағы сәйкестік: 1ц = 100 кг; 1т = 1000 кг.
26. 1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту. Шамалар арасындағы
тәуелділік (21 сағат):
1) келесі түрлердегі үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша
тәсілдері: 246 + 342, 588 – 246; 362 + 456, 818 – 362; 236 + 687, 923 – 236;286 +
617, 903 – 286;
2) қосу және азайту амалдарын тексеру;
3) шамалар. Бір заттың салмағы, заттардың саны, жалпы салмақ; бір затқа
жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын;
4) шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару: баға,
саны, құны; бір заттың салмағы, заттардың саны, жалпы салмақ; бір затқа
жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын;
5) шамалар арасындағы салыстыруға берілген есептерді шығару:
мөлшерлер арасындағы байланыс, заттардың саны, жалпы салмақ; бір затқа
жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын;
6) 2-3 қосу, алу, көбейту, бөлу амалдары бар есептерді шығару.
27. 100-ге дейінгі ауызша көбейту мен бөлуді, 20 көлеміндегі амалдарға
келтіру (20 сағат).
28. 1000 көлеміндегі көбейту және бөлудің ауызша тәсілдері (20 сағат):
1) екітаңбалы және үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға бөлу;
2) үш амалмен шығарылатын есептер. х+ 4
2 = 24 түріндегі теңдеуді
шығару. Есепті теңдеу құру арқылы шығару;
3) үшбұрыш түрлері; әртүрлі жақты, тең төртбұрыш.
29. Қайталау (8 сағат).
6. Оқу пәнінің 4 – сыныптағы базалық білім мазмұны
30. Қайталау (10 сағат):
1) 100 ге дейінгі және 1000-ға дейінгі сандар (оқу, жазу, салыстыру);
2) 1000-ға дейінгі сандармен арифметикалық амалдарды орындау;
3) шамалар;
4) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы;
5) текшенің көлемі;
6) өрнек. Теңдеу;
7) есепті шығару;
8) геометриялық фигуралар;кесінділерді қосу және азайту.
31. 1000-нан 1 000 000-ға дейінгі сандар. Шамалар арасындағы тәуелділік.
Шеңбер және дөңгелек (50 сағат):
1) разрядтар және кластар кестесі; миллионға дейінгі сандарды оқу, жазу
және салыстыру; сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде
жазу;
2) шамалар арасындағы тәуелділіктер: жылдамдық, арақашықтық
(жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт; өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт,
атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы;
3) қозғалысқа берілген есептер;
4) шеңбер және дөңгелек. Шеңбер мен дөңгелектің центрі, радиусы және
диаметрі.
32. Миллионға дейінгі сандармен арифметикалық амалдарды орындау.
Текше және тікбұрышты параллелепипед (70 сағат):
1) бөліндінің мәні көптаңбалы сан болғанда нөлге аяқталатын сандарға
бөлу;
2) 10, 100, 1000 сандарына қалдықпен бөлу. Санды көбейтіндіге бөлу;
бөліндінің мәні бір сан болғанда нөлге аяқталатын сандарға қалдықпен бөлу.
Бөліндінің мәнінде нөлдер болғанда нөлге аяқталған сандарға бөлу. Нөлмен
аяқталатын сандарға қалдықпен бөлу;
3) қосындыны санға және санды қосындыға көбейту. Санды қосындыға
көбейту ережесін қолданып, екітаңбалы санға ауызша көбейту.
4) екітаңбалы санға жазбаша бөлу. Бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда
екітаңбалы санға жазбаша қалдықсыз бөлу;
6) бөліндінің мәнінде көптаңбалы сандар болғанда екітаңбалы санға
жазбаша бөлу;
7) санды қосындыға көбейту ережесін қолданып, үштаңбалы санға
ауызша көбейту;
8) үштаңбалы санға жазбаша көбейту;
9) бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда үштаңбалы санға жазбаша
қалдықсыз бөлу;
10) бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда үштаңбалы санға жазбаша
қалдықпен бөлу;
11) бөліндінің мәнінде көптаңбалы сандар болғанда үштаңбалы санға
жазбаша бөлу;
12) бөліндінің мәнінде нөлдер болғанда үштаңбалы санға жазбаша бөлу;
13) бір-біріне жақындау қозғалыс. Жақындау жылдамдығы;
14) қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Қашықтық жылдамдығы;
15) бір бағыттағы жылдамдық;
16) белгісізді екі айырым бойынша табуға арналған есептер;
17) әріпті теңдіктердің (формулалардың) көмегімен қосу мен көбейтудің
қасиеттерін жазу. Екі әрпі бар өрнектің мәнін табу;
18) аудан бірлігі – ар (1 а). Ауданның бірліктері арасындағы сәйкестік: 1
м
2
= 100 дм
2
, 1 дм
2
= 100 см
2
, 1см
2
= 100 мм
2
, 1 а = 100 м
2
. ауданның бірлігі –
гектар (1 га). Ауданның бірліктері арасындағы сәйкестік: 1 га = 10 000 м
2
;
19) тікбұрышты параллелепипед және оның өлшемдері (ұзындығы, ені,
биіктігі). Тікбұрышты параллелепипедтің төбелері, қырлары және жақтары;
20) көлем. Көлем бірліктері. Тікбұрышты параллелепипедтің (текшенің)
көлемі.
33. Білімді жүйелеу және қайталау (40 сағат):
1) натурал сандар және нөл саны. Натурал сандар. Натурал сандарды
қолдану;
2) натурал сандар және нөл санымен арифметикалық амалдарды орындау;
3) натурал сандар және нөл санымен орындалатын арифметикалық
амалдардың қасиеттері;
4)
арифметикалық
амалдардың
компоненттерінің
атаулары.
Арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табудың ережелері;
5) қосу мен азайтудың, көбейту мен бөлудің байланыстары;
6)
микрокалькулятордың көмегімен есептеу. Микрокалькулятор.
Калькуляторда сандарды енгізу және өшіру;
7) жақшалармен, жақшаларсыз берілген және 4-5 амалдан тұратын
өрнектің мәнін табу;
8) өрнектер мен теңдеулер. Санды және әріпті өрнектер. Өрнектің мәні.
Санды өрнектің мәнін табу ережелері;
9) теңдеу. Теңдеудің шешімі (түбірі);
10) арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелері;
тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолдана отырып таңдау тәсілімен
теңдеулерді шығару;
11) шамалар. Шамалар: ұзындық, аудан, көлем (сыйымдылық), масса,
уақыт, баға, құн, жылдамдық, өнімділік, түсім;
12) шамалар бірліктері. Шамаларды салыстыру;
13) шамаларға арифметикалық амалдар қолдану: шамаларды қосу, азайту,
бөлу, шаманы санға көбейту. Шамалар арасындағы тәуелділік;
14) көпбұрыштың периметрі және тіктөртбұрыштың (шаршының)
ауданы;
15) тікбұрышты параллелепипедтің (текшенің) көлемі;
16) есептер. Есептің құрылымы: шарты, сұрағы. Есептің шешуі. Есептің
жауабы. 1-4 арифметикалық амалмен (есептің шешуін амалдар бойынша жазу;
өрнек және оның мәнін табу) және теңдеудің көмегімен шығарылатын есептер;
17) геометриялық фигуралар. Нүкте, сызық (түзу, қисық, сынық), кесінді,
бұрыш (тік, сүйір, доғал, жазыңқы), көпбұрыш (үшбұрыш, төртбұрыш және
т.б.), тіктөртбұрыш (шаршы);
18) тікбұрышты параллелепипед (текше). Шеңбер, дөңгелек. Шеңбер мен
дөңгелектің центрі, радиусы, диаметрі.
7. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
34. Пәндік нәтижелер. 0-сыныптың соңында оқушылар:
1) 1 ден 10 дейінгі сандардың атауларын және кезеңін;
2) қосу және азайту амалдардың компоненттерінің атауларын және
белгілеуін;
3) 2-5 сандарының құрамын білуі қажет.
35. Оқушылар:
1) үстіне және қасына қою тәсілдерімен заттарды түрлі мөлшерлері
бойынша салыстыруды;
2) санап және жұппен сәйкестендіру арқылы заттық топтардың санын
салыстыруды;
3) заттық әрекетте 2-10 аралығындағы сандардың құрамын көрсетуді;
4) заттардың, сұйықтықтың, төгілмелі заттардың санын өзгертетін
әрекеттерді көрсетіп, атауды;
5) шоттың көмегімен 10 көлемінде заттардың санын анықтауды;
6) санның құрамын білуге негізделген сандар және белгілерден қосу және
азайтуға арналған мысалдарды жасау мен оқу, қосындыны және қалдықты бір
әдіспен шығаруды: қайта санау, қосып, азайтып санау арқылы;
7) шеңбер, доғал, төртбұрыш, тіктөртбұрышты тануды, ажыратуды,
жасауды;
8) қосындыны және қалдықты табуға арналған мысалдарды шығаруды,
мысалдың мазмұнын заттар арқылы көрсетуді меңгеруі тиіс.
8. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
36. Пәндік нәтижелер. 1-сыныптың соңында оқушылар:
1) 0 ден 20 дейінгі сандардың ретін;
2) 10 көлемінде қосу және азайту кестесін;
3)
арифметикалық амалдар компоненттерінің аталуын; қосудың
ауыстырымдылық қасиетін;
4) біртаңбалы сандардың құрамын, екінші ондықтағы сандардың ондық
құрамын;
5) шамалар бірліктерінің белгілеулерін: 1 сағат, 1 см, 1 дм, 1 тг;
6) дециметр мен сантиметр арасындағы қатынастарды білуі қажет.
37. 1-сыныптың соңында оқушылар:
1) 20 көлемінде заттардың санын анықтау, 0 ден 20 дейінгі сандарды оқу,
жазуды және салыстыруды;
2) оқулықпен жұмыс жасау, оқулықта берілген суреттер мен
сызбалардың, жаттығулар мен талаптардың мағынасын түсіне білуді;
3) 20 көлемінде (жақшасыз) 1- 2 амалдан туратын сандық мысалдың
мағынасын табуды;
4) қосу және алуға арналған бір амалдан туратын есептерді шығаруды;
5) сызғыштың көмегімен кескінді өлшеп сызуды;
6) геометриялық пішіндерді тануды және табуды: түзу сызық, кесінді,
сәуле, бұрыш, шеңбер, доғал, төртбұрыш, доғал, тіктөртбұрыш, үшбұрыш;
7) оқулықпен жұмыс істеу, суреттер және сызбалардың мағынасын
түсінуді, жаттығудар және қойылған талаптарды түсінуді меңгеруі тиіс.
9. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
38. Пәндік нәтижелер. 2-сыныптың соңында оқушылар:
1) 100 дейінгі сандардың аталуын және кезегін;
2) 20 көлемінде біртаңбалы сандардың қосу кестесін және соған сәйкес
азайту кестесін;
3) жақшамен немесе жақшасыз берілген санды өрнектердегі қосу және
азайту амалдарын орындау ретінің ережелерін;
4) шамалардың өлшем бірліктерін (1 л, 1 кг, 1 м, 1 мин, 1 с, 1 тәул),
ұзындық пен уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды білуі қажет.
39. Оқушылар:
1) 0 ден 20 дейінгі сандарды оқуды, жазуды, салыстыруды;
2) 100 көлемінде сандардың қосындысын және қалдығын табуды, жеңіл
жағдайда ауызша, қиын болған жағдайда жазбаша;
3) 1- 2 амалдан туратын сандық мысалдың мағынасын табуды (жақшамен
және жашасыз);
4) қосу және азайту амалдары. 1-2 амалдардан туратын есептерді
шығаруды;
5) ұзындығы 1 см дәлдікпен берілген кесіндіні салуды;
6) торкөз қағазға тіктөртбұрыш, шаршы салуды, бұрыш түрлерін
көрсетуді;
7) сынық сызықтың ұзындығын табуды;
8) үшбұрыштың, төртбұрыштың, тіктөртбұрыштың периметрін табуды
меңгеруі тиіс.
10. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
40. Пәндік нәтижелер. 3-сыныптың соңында оқушылар:
1) 1000 дейінгі сандардың айтылуын және кезегін;
2) біртаңбалы сандардың көбейту кестесін және соған сәйкес азайту
кестесін жатқа;
3) сандардың еселік және айырымдылық ережелерін;
4) біртаңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін;
5) жақшамен және жақшасыз берілген арифметикалық амалдарды
орындау ретінің ережелерін қолдана;
6) ұзындық, баға, заттың массасы шамалар арасындағы тәуелділіктерді;
7) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу
ережелерін, текшенің көлемін білуі қажет.
41. Оқушылар:
1) 1000 көлемінде сандарды оқуды, жазуды және салыстыруды;
2) 100 және 1000 көлемінде ауызша төрт арифметикалық амалды
орындауды, 100 көлемінде амалдарға теңестірілген жағдайда есепті тексеруді;
3) жазбаша есептеу әдістерін қолдануды;
4) жақшамен немесе жақшасыз берілген санды өрнектердегі қосу және
азайтуды орындауда 2-3 амалдардың орындау ретінің ережелерін қолдануды;
5) белгісіз компонентті табу арифметикалық амалы негізінде теңдеулер
шешуді;
6) 2-3 амалдан туратын есеп шығаруды, оның ішінде сынық сызықтың
ұзындығын табуды, көпбұрыштың ұзындығын табуды, тіктөртбұрыштың
(төртбұрыштың) перимертрі мен ауданын табуды меңгеруі тиіс.
11. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
42. Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) мәтінді есептің құрылымын;
2) өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін;
3) арифметикалық амалдар компоненттерінің атауларын;
4) қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін,
қосу мен азайтуға байланысты көбейтудің үлестірімділік қасиетін;
5) сандарды еселік және айырымдылық салыстыру ережелерін;
6) арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелерін;
7) шамалардың бірліктерінің белгілеулерін: 1 сағ, 1 см, 1 дм, 1 тг, 1 л, 1
кг, 1 м, 1 мин, 1 с, 1 тәул, 1 мм, 1 км, 1 мм
2
, 1 см
2
, 1 дм
2
, 1 м
2
, 1 мм
3
, 1 см
3
,1 дм
3
,
1 м
3
, 1 г, 1 ц, 1 а, 1 км/сағ, 1 м/мин, 1 см/с және т.б.;
8)
ұзындық,
масса,
уақыт,
көлем
бірліктерінің
арасындағы
байланыстарды;
9) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу
ережелерін, тіктөртбұрышты параллепипедтің (текшенің) көлемін;
10) шамалар: жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы),
уақыт, өнімділік, жұмысқа жіберілген уақытты, атқарылған жұмысты; егіннің
түсімділігін, ауданы және салмағы арасындағы тәуелділіктерді білуі қажет.
43. 4-сыныптың соңында оқушыларда:
1) оқулықпен жұмыс жасау, оқулықта берілген суреттер мен
сызбалардың, жаттығулар мен талаптардың мағынасын түсіну;
2)
жаттығулардың
орындалуының,
есептермен
теңдеулердің
шығарылуының дұрыстығын тексеру;
3) математикалық белгілерді дұрыс қолдану;
4) талдау, салыстыру, жалпылауды қолдану;
5) миллион деңгейінде сандарды оқу, жазу және салыстыру;
6) натурал сандармен және нөл санымен арифметикалық амалдарды
орындау, санның квадраты мен кубын есептеу;
7) калькулятордың көмегімен есептеу;
8) мәтінді есептерді шығару, оның ішінде арифметикалық тәсілмен
(амалдап немесе өрнекті құру және оның мәнін табу арқылы шығару) және
теңдеулер арқылы шығарылатын қозғалысқа, бірігіп атқарылатын жұмысқа,
шамалар арасындағы тәуелділіктерге берілген есептерді шығару;
9) теңдеу мен теңсіздікті, өрнек пен теңдеуді ажырату;
10)
өрнектің мәнін табуда ауыстырымдылық, терімділік және
үлестірімділік қасиеттерін қолдану;
11) сандарды еселік және айырымдылық салыстыру (бір санның екінші
саннан қанша есе артық, қаншаға артық болатынын табу) ережелерін қолдану;
12) өрнектің мәнін табуда арифметикалық амалдардың орындау ретінінің
ережелерін қолдану;
13) арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелері
негізінде, таңдау тәсілімен, тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолдану
арқылы теңдеулерді шығару;
14) кесінді салу, кесінділер мен сынық сызықтарының ұзындықтарын
өлшеу және салыстыру;
15) торкөз қағазға тіктөртбұрышты (шаршыны) салу;
16) шеңберді дөңгелектен ажырату, бұрыштарды (тік, сүйір, доғал,
жазыңқы) атау;
17) геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу және ол
әріптерді дұрыс оқу біліктігі болуы қажет.
44. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылар:
1) өз Отанына, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың
тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет
көрсетуімен;
2) әлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну, жанұялық құндылыққа
сыйластықпен қарауды; қоршаған ортаны сақтауға деген ұмтылысымен;
3) қоршаған ортаны сақтауда өз белсенділігімен;
4) жауапкершілік, ұқыптылық, зейінділігін және тәртіптілігімен;
5) салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын; шығармашылық жұмысқа,
жұмыстың нәтижесіне деген ынтасымен;
6) үлкендермен және өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау қабілетімен;
7) білім мен қызмет түрлерін игеру мен кеңейтуге қызығушылығын,
тапсырманы орындауда шығармашылықпен қарауымен;
8) үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлық көрсете білуімен
айқындалуы тиіс.
45. Жүйелі - әрекеттік нәтижелер. Оқушылар:
1) ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық
материалда қолдану біліктігін;
2) пратикалық түрде есеп шығаруды;
3) қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас
пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік
дағдыларын;
4) математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу),
математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша
және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;
5) жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін, өзін-өзі
бақылау мен бағалауды іске асыруды;
6) өз іс әрекетін рефлексиялауды;
7) оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін
меңгеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |