болғандықтан, бізді жарнаманың маманы деп есептеген артық болмас.
Кез келген тауар үшін өзіміздің жекеменшік жарнамалық ролигімізді құру
үшін осы жерге жиналдық деп елестетейік. Біздің міндетіміз –
бұл тауарды
көрерменге оның жақсы жақтарын баса айтып, қызықтырып ұсыну. Барлығы
əдеттегі жарнамалық жұмыс қызметіндегідей...
Бірақ бір кішкене өзгешелік – біздің жарнама объектіміз болып, осы шеңберде
отырған нақты адамдар саналады. Сіздердің əрқайсыңыз топ мүшелерінің
біреуінің есімі жазылған, карточканы алады. Бұл
карточка Сіздің өз есіміңіз
де болып қалуы мүмкін. Ешетңе етпейді! Демек, сізге өзіңізді-өзіңіз
жарнамалауға тура келеді. Біздің жарнамада тағы да бір шарт болады: Сіз
өзіңіз жарнамалап тұрған адамның есімін атауыңызға болмайды.
Сонымен
қатар, Сізге адамды қандай да бір тауар немесе қызмет ретінде көрсету
ұсынылады. Ойланыңыз, егер де Сіздің қамқорлығыңызда жүрген тұлға адам
болып туылмаса. Мүмкін, тоңазытқыш? Немесе қала шетіндегі үй? Онда бұл
не қылған тоңазытқыш? Жəне бұл қала шетіндегі үй қандай?
Сіздің жарнамаңыз шамаланған халық категориясын атаңыз. Əлбетте,
жарнамадағы роликте жарнамаланатын объектінің
ең маңызды қасиеттері
көрінуі тиіс. Ұзақтығы - 1 минут. Топ осыдан кейін оның мүшелерінің
қайсысы осы жарнамада болғанын табуы керек.
Дайындыққа берілетін уақыт – 5 минут. Жаттығу, əдеттегідей, талқылаумен
жəне əр ойыншының жарнама ролигіндегі өзінің бейнесі жайлы əсерлерімен
аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: