Психокоррекция на каз



Pdf көрінісі
бет5/59
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
тренингтік бағдарламалар

«Туған күн ойыны» 
Мақсаты: Жасөспірімдер ортасында қарым-қатынастың кейбір жағымсыз 
формаларын көрсету, коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру жəне т.б. 
Ойынның алдында жүргізуші əр қайсысына билет береді. Онда өзін қалай 
ұстау керектігі жайында көрсетілген, яғни қатысушылар бтлетте жазылған 
рөлде ойнауы керек. Билет ойынның соңына дейін құпия сақталады, тек 
талқылау кезінде ғана кімге не істеу керектігін айтуға болады. Егер ойынға 15-
тен адам қатысса, 2 адам бір билеттен ұсынуға болады. 
Билеттегі тапсырмалар
1. Туған күн иесі-барлық қонақтарды əңгімеге тартуды тырысады. 
2. Білгішсымақ-кез-келген əңгімеге қыстырылысуға тырысады. 
3. Таласқыш-бəрімен ерегесіп, таласады. 
4. Келісімге келтіруші-кикілжіңді болуға ұмтылады. 
5. Бəріне жəне барлығына көңілді толмайтын адам. 
6. Асаба-туған күн иесіне көмекші. 
7. Қызық мінез адам-кез-келген əңгімені басқа арнаға бұруға тырысады. 
8. Əдепсіз адам. 
Ойыннан кейін талқылау жүргізіледі. Туған күн кикілжіңмен аяқталуы да 
мүмкін. Бірақ бұл талқылау үшін жақсы, жасөспірімдердің мінез-құлық 
байқауға мүмкіндік береді. 
Максаты: Ойынға қатысушылар үйден бір-бірлері жайында ертегі немесе 
фантастикалық əңгіме түрінде шығарма жазып келуі керек. Келесі сабақта 
əрқайсысы өздерінің шығармаларын оқиды, ал қалғандары кім жайында 
жазылғанын табады. Топта балалардың шығарма «батырын» тез 
табатындығын, байқау ептілігін тексереді. Шығарманың көбісі бір адам 
жайында жазылғанды көрсетуі мүмкін. 
Талқылау: Бір адам жайында неге көбінесе жазылғандығын талқылайды: ол 
мүмкін қызық адам шығар. Кім жайында топта шығарма жазылмаса, бұл да 
жақсы тренинг болып саналады. 
«Ассоциация» жаттығуы 


Топқа бөлініңіз. «Тестілеу» (немесе басқа, тындаушыларға жақын) сөзі сізде 
калай ассоциадан өтетінін талқылап, жазыңыз. 
Жүргізуші топта ұсынылған барлық ассоциациялар тізімін тақтаға жазады. 
Ол қосымша талқылау коса отырып, кез-келген ассоциацияға немесе оны жеңу 
əдістерін талқылай отырып, кесте толтырады. Содан кейін тыңдаушылар 
ұсынылған сөздерден 10 минут арасында əңгіме құрастыруы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет