Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет53/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104
Байланысты:
p170220161

9. Л.С.Выготскийдің моделі 

Ресей  психолингвистикасында  сӛйлеу  әрекетінің  жасалу  процесінің  мәні  ойдан 

сӛзге қарай ӛтуден тұрады. Сӛйлеу әрекетін жасау үрдісін (процесс порождения) бұлайша 

түсіну психологияда мәдени-тарихи теорияның негізін салған Л.С.Выготский ұсынған.  




 

47 


Л.С. Выготский пікірінше, ішкі сӛйлеу – бұл «ой мен сӛз арасында динамикалық 

қарым-қатынасты  жүргізуге  кӛмектесетін  (посредующий)  тілдік  ойлаудың  ерекше  ішкі 

жоспары». Зерттеуші ішкі сӛйлеу мынадай қасиеттерге ие деп есептейді: 

- ол фонациядан, яғни дыбыстаудан айрылған

-  ол  предикативті  (бастауыш  түсіріледі  және  онда  тек  негізінен  баяндауыштар 

ғана қатысады); 

- бұл қысқартылған сӛйлеу (сӛзсіз тіл). 

Соңғы  қасиетті  қарастыра  отырып,  Выготский  ішкі  сӛйлеудің  семантикасының 

келесі  ерекшеліктерін  атап  кӛрсетеді:  сӛзден  мағына  басым  болады;  сӛз  мәнінің 

біріктірілетіндігі  (слитность)  (белгілі  бір  жӛннен  агглютинация);  ішкі  сӛйлеудің  сӛздік 

мағынамен сәйкес келмеуі. 

«Әр түрлі ой,  - деп жазды Выготский,  - бірдеңе бірдеңеге біріктіруге тырысады 

және  қозғалысқа  ие.  Бұл  ойдың  ағымы  мен  қозғалысы  сӛйлеуді  ӛрістетумен  (с 

развертыванием речи) тура және тікелей сәйкес келмейді. Ойдың бірліктері мен сӛйлеудің 

бірліктері  сәйкес  келмейді».  Оның  байымдауынша,  «ішкі  сӛйлеуден  ауызша  (внешний 

речи)  сӛйлеуге  кӛшу  күрделі  динамикалық  трансформация  –  предикативті  және 

идиомалық  сӛйлеудің  синтаксистік  мүшеленген  және  жаппай  барлығына  түсінікті 

сӛйлеуге айналу».  

Л.С.Выготский тілдік ойлаудың үш түрлі жоспарын бӛледі: ой, ішкі сӛйлеу, сӛз. 

Ол  сӛйлеу  әрекетін  жасау  үрдісінің  мәнін  былайша  анықтайды:  «Тілдік  ойлаудың 

нақтылы реальды драмасында қозағалыс қандай да бір ойды тудыратын мотивтен ойдың 

ӛзін  формаға  келтіруге,  оны  ішкі  сӛйлеуде  қолданысқа  ендіру  (опосредованию),  содан 

кейін - сыртқы сӛйлеудің мағынасында  және ең соңында сӛйлеуде».  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет