Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет56/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104
Байланысты:
p170220161

12. Левелт моделі 

Қазіргі  психолингвистикада  1989  жылы  Вилем  Левелт  ұсынған  сӛйлеудің  туу 

моделі жалпы қолдау тапқан болып табылады.  

Оның пікірінше, сӛйлеудің туындау процесі ӛз ішіне ниетті (намерение), айтылуы 

тиіс  ақпараттты  іріктеуді  (отбор),  ақпаратты  реттеуді  (упорядочение),  алдында  айтылып 

кеткендермен үйлесуін (увязывание со сказанным ранее) енгізеді. Левелт бұл  ментальды 

үрдістерді  концептуализация,  ал  оны  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  жүйені 

концептуализаторлар деп атайды. Концептуализацияның нәтижесі (продукт)  - сӛйлеуге 

дейінгі хабар (доречевой сообщения – preverbal message).  

Хабарды  туындату  үшін  сӛйлеуші  ақпараттардың  бірнеше  типтерін  қолдану 

мүмкіндігіне ие болу қажет. Біріншіден, бұл – процедуралық білім («егер   онда» секілді). 

Екіншіден, бұл – ресми түрде айтылған білім (декларитивное знание) («не нені білдіреді» 

секілді).  Үшіншіден,  ситуациялық  білім  –  бар  болған  ситуация  жайында,  әңгімелесулер 

және қоршаған орта жайында, сӛйлесу болып жатқан контекст жайында. Сонымен қатар, 

ӛзара  қатынас  барысында  ӛзінің  және  басқа  сӛйлеушілердің  айтқан  сӛздеріне  қадағалау 

жасау қажет.  

Концептуализатордан 

кейін 

келесі 


компонент 

тұжырымдамашы 

(формулировщик)  болып  табылады.  Тұжырымдамашы  негізгі  ақпарат  ретінде  сӛйлеуге 

дейінгі    хабарды  пайдаланады,  нәтижесі  ретінде  фонетикалық  немесе  артикуляторлық 

жоспарды  кӛрсетеді.  Басқаша  айтқанда,  тұжырымдамашы  кейбір  концептуалды 

құырылымды  кейбір  тілдік  құрылымға  кӛшіреді.  Алдымен  хабардың  грамматикалық 

кодтауы, соңынан фонологиялық кодтауы жүзеге асады.  

Левелт  осылай  дей  отырып,  ӛзі  сӛздің  лексикалық  ақпаратының  фонологиялық 

емес  бӛлігі  ретінде  түсінетін  лемма  ұғымын  енгізеді.  Лемма  құрамына  сӛздің 

фонологиялық аспектісінен басқаларының барлығы, яғни концептуалды информация және 

морфосинтаксистік  сипатттамалар  (характеристики)  кіреді.  Сӛйлеуші  грамматикалық 

кодтау  процесі  арқылы  қажеттті  лемммаларды  алады  және  оларды  дұрыс  ретімен 

орналастырады.  Левелттің  пікіріне  сүйенсек,  грамматикалық  кодтау  сәйкес  келетін 

лексикалық  ұғымдарды  таңдауды  және  синтаксистік  қаңқаны  (каркас)  құруды 

жорамалдайды.  Мұның  барлығы  үстірт  құрылымды  (поверхностной  структуры) 

қалыптастыруды дайындайды.  

Сӛйлеу  әрекетін  жасаудың  келесі  кезеңінде  леммалар  үшін  фонологиялық 

формаларды  шығарылады  және  сӛйлеуші  пікір  айтудың  артикуляторлы  жоспарын 

құрастырады.  Бұлар  артикуляторлар  кӛмегімен  жүзеге  асады.  Сӛйлеудің  туындау 

механизмінің  бұл  компоненті  артикуляторлық  буферден  (аралықтан)  ішкі  сӛйлеудің 

жүйелі  блоктарын  шығарады  және  оларды  іске  қосуға  тапсырады.  Артикуляцияның 

нәтижесі сыртқы сӛйлеу болып табылады.      

Левелт  моделі  бойынша,  сӛйлеуші  ӛзінің  тыңдаушысы  болып  табылады. 

Сӛйлеушідегі тілді түсіну жүйесі ӛзінің құрамына сыртқы сӛйлеуді түсінуді, сол секілді 

ӛзінің ішкі сӛйлеуін (мониторинг) түсіну мүмкіндігін де қосады. Бұл жүйе қолданысқа ие 

болатын  сӛйлеуді  (входящую  речь)  фонологиялық,  морфологиялық,  синтаксистік  және 

семантикалық аспектісінде ұсынады.  

Осылайша, сӛйлеудің туындау үрдісі жалпы алғанда сӛйлеуші ӛзінің түпкі ойын 

белгілі бір нақты тілдің сӛйлеу бірліктеріне кӛшіреді.  

Қорыта айтқанда, сӛйлеу әрекетінің жасалу процесінің кӛптеген теориялары және 

модельдері  мәні  жағынан  жақын,  бір-біріне  қарама-қайшы  келуден  гӛрі  бірін-бірі 

толықтырады және нақтылайды.  

          

          




 

50 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет