5. Мәтінді қабылдау
Мәтінді қабылдауға пікір айту, сӛйлеуді қабылдаудағы заңдылықтар да тән.
Мәтінді қабылдау барысында ықтимал болжау механизмі әрекет етеді, авторда
пресуппозиция болады, оқырман мәтінді апперцепция негізінде түсінеді және т.с.с.
Дегенмен, сӛйлемді, айтылған бір фразаны қабылдаудан гӛрі мәтінді қабылдау
әлдеқайда қиындырақ. Мәтінді қабылдау кезінде адам санасында бірінен соң бірі
ауыстырылып
жатқан
кесінділер
мағыналық
тұрғыдан
аяқталған
қатынаста
құрастырылады. Соңынан мәтіннің элементтерін салыстыру жүзеге асады. Бұдан кейін
мәтін мазмұнының құрылымын тұтас түрде сезіну процесінде оны алғашқы арақатынаста
қайта құру мүмкін (айталық, детективті оқу барысында оқырман суреттелген
оқиғалардағы кейіпкерлердің рӛлі жӛніндегі алғашқы пікірін қайта қарауы мүмкін). Болуы
мүмкін мәтін астарын тану үдерісінде айтарлықтай деңгейде қалыптасқан мәтіннің кейбір
жалпы мәнін (концептісін) түсіну паралельді түрде жүзеге асады. Оқырманда пайда
болатын мәтін проекциясы (ресейдің белгілі психологы А.Рубакинанің термині)
реципиенттің мағыналық алаңына (смысловое поле) мәтін мазмұнын енгізу нәтижесі
болып табылады.
Кӛркем мәтіннің мағынасын қабылдауға қатысты 1892 жылы Эмил Геннекен
тарапынан айтылған гипотеза әділ болып табылады. Ол былай еді: «Кӛркем әдебиетті
сүйіп оқитындар суреткердің рухани жан дүниесінің құрылымына ұқсас рухани жан дүние
құрылымына ие, егер бұл анализдің арқасында белгілі болып отырса, демек кӛркем әдеиет
сүйер қауымға суреткердің рухани жан дүниесінің құрамына кіретін қабілеттер,
жетістікрге, кемшіліктер таңу заңды болып табылады». Басқаша айтқанда, оқырман
жазған шығармалары ӛзіне ұнайтын жазушыға ӛзінің психологиялық сипаты жағынан
ұқсас деп жоармалдауға болады.
Бұл гипотезаны тексеру бойынша жүргізілген эксперименттер бұл мәселені екі
түрлі гипотезада нақтылауға және қайта құруға мүмкіндік берді:
Белгілі бір әдеби жанрдың жазушылары мен оқырмандары басқа әдеби
жанрдың жазушылары мен оқырмандарынан ерекшелейтін психикалық бірқатар ұқсас
белгілерге ие болады.
Жалпы оқырман тұтасымен жазушыдан айрытын психикалық ерекшеліктері
болады. Геннекеннің терминін қолдана отырып, «шығармашылық қабілет» «қабылдаушы
қабілеттен» сапалық ӛзгешеліктерге ие деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |